Выйти
RU

Алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Халық көп жиналмас үшін Қапшағай су қоймасы жабылды. Енді алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды

Видеодан кадр: YouTube

"Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеп соғады. Сондықтан, Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді постар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл - дұрыс шешім", – деді онлайн-брифинг барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол судың әлі де салқын екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді. Ал жұма намазына қатысты шешім әлі қабылданбады. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Мешіттерде таң, бесін, екінті намазы мен ақшам және құптан намазын санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жамағатпен оқуға рұқсат етілді", – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі.

Діни басқарма жұма намазын жамағатпен оқуға қатысты шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

Ал мешіттердегі намаз кезінде жалпы аумақтың 30 пайызына дейін толтыруға рұқсат етіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды