Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғашқы нәтиже теріс: Павлодарда адамдар неге вирустан көз жұмып жатыр

Опубликовано:

Павлодар облысы бас дәрігерінің міндетін атқарушы пациенттерде коронавирус неге бірінші реттен анықталмайтынын түсіндірді. Тестілеудің нақтылығы 100 пайыз емес, алайда инфекцияны растайтын басқа тәсіл жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

COVID-19 жиагно
Біржан Досмайылов. Фото: ӨКҚ: UGC

Біржан Досмайыловтың сөзінше, COVID-19-ға ұқсас инфекция белгілері бар барлық пациент міндетті түрде коронавирус инфекциясына тест тапсырады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы жоғары температура, жөтел мен бас ауруы ЖРВИ кезінде, тұмау мен басқа да жедел респираторлы ауруларда байқалатынын атап өтті.

Медицина қызметкерінің сөзінше, хаттамаға сәйкес, коронавирусқа тест бірнеше рет алынады. Ал COVID-19 инфекциясы бірінші рет анықталмаған жағдайда, дәрігерлердің іс-әрекеттері қайта тестілеудің уақыт аралығы бойынша қатаң жазылады.

Кейде инфекция бетінде тұрмағандықтан, бірден анықтау мүмкін болмайды. Бірақ ол кейіннен "жайлап шыға бастайды".

Біржан Досмайылов КВИ белгілері жоқ науқастар жайлы да айтуды ұмытқан жоқ. Оның сөзінше, мұндай пациенттер аса қауіпті емес, сондықтан үй карантиніне жіберіліп жатыр.

Айта кетейік, бүгін, 10 маусымда Ақтауда 54 жастағы азамат коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859797-algasky-ntize-teris-pavlodarda-adamdar-nege-virustan-kz-zmyp-zatyr/

pixel