Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пакетпен тұншықтырған": Шымкентте бір топ ер азамат әйелді айуандықпен зорлаған

Жарияланған күні:

Шымкент қаласында әлдекімдер көшеде кетіп бара жатқан әйелді ұрып соғып, зорлап кеткен. Келіншекке жәбір көрсеткендер тіпті оның басына "целофан" пакет кигізіп, тұншықтырып өлтіруге әрекет жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com. Жәбірленуші. Фото: instagram.com/nemolchi.kz
Көрнекі фото: pixabay.com. Жәбірленуші. Фото: instagram.com/nemolchi.kz: UGC

Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Онда жантүршігерлік оқиға 26 мамыр күні орын алғаны айтылған. Келіншек кешке жақын өз үйіне бара жатқан уақытта оған бір топ ер азаматтың шабуыл жасағаны белгілі болды.

Олар келіншекті өлімші етіп сабап, "целофан" пакетпен тұншықтырған. Одан бөлек, қылмыскерлер Шымкент тұрғының тістерін сындырыпты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші миы шайқалып, есінен танып қалған. Бір топ ер адам оны "өліп қалды" деп ойлап, денесін бұтақтармен жауып кеткен көрінеді.

Алайда келіншек есін жинап, әрең үйіне жеткен.

"Әйелдің түрін танып болмайсың. Бұны көрген жолдасы мен балалары жағаларын ұстап отыр. Келіншектің күйеуі егер әйелі қайтыс болған жағдайда, оны тек денесіндегі қалы мен киімдері арқылы тануға болатынын мәлімдеген.
Жапа шегушінің өзі де ауыр шок алған. Алғашқы күндері әйел қорыққаннан қылмыс фактілерін жоққа шығарып, ештеңені ашып айтпаған. Және әлі күнге дейін дұрыс жауап бермейді", -деді "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының өкілдері.

Желіде жарияланған сурет кадрынан келіншектің беті мен денесінде көгерген іздер көп екенін аңғару қиын емес.

Ал Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов істі өз бақылауына алатынын мәлім етті. Ведомство қазіргі уақытта басқа ештеңені ашып айта алмайтындарын жеткізген. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында қонаққа барған әйелді танысы зорлап тастағанын жазған болатынбыз.

Оқиға 23 мамырға қараған түні Шымкентте орын алды. Ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған.

Осы жағдайдан соң жәбірленуші полицияға арыз жазғаны белгілі болды. Сонымен қатар, оның сіңлісі бұл туралы белгілі құқық қорғаушы Дина Тансариге айтып, көмек сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859845-paketpen-tnsyktyrgan-symkentte-bir-top-er-azamat-jeldi-ajuandykpen-zorlagan/