Выйти
RU

"Саясат та, ақша да емес": Айбек Нұғымаровтан коронавирус анықталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақша күрестен әлемнің үш дүркін чемпионы және "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырды. Споршының денсаулығына байланысты ақпарат Семей қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Саясат та, ақша да емес": Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырды (видео)

Коллаж: NUR.KZ Фото: instagram.com/aibek_nugymarov және instagram.com/akimat.semey

Ведомство ақпарынша, Семей ауруханасының инфекциялық бөліміне электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков пен Семей көлік колледжінің директоры, қазақша күрестен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров COVID-19 диагнозымен түскен.

Әкімдік парақшасында танымал спортшының видеосы да жарияланды.

"Құрметті жерлестер, мына жаман індет бізге де жұқты. Өздеріңіз көріп отырғандай, Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатырмыз. Осыдан бір апта ауру басталды. Қазіргі кезде аурудың кімнен, қалай жұққанын біле алмай отырмыз. Сақтандыру шараларын қолданбағанның кесірінен деп ойлаймыз. Күнделікті жұмыстармен біраз азаматтармен кездескен болатынбыз. Басында біз де іштей сеніңкіремеген (дертке- ред) едік. Саясат бұл деген едік. Бұл індеттің бар екені рас, ол ешқандай саясат та, ақша да емес", - деді Айбек Нұғымаров.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 14496-ға жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Саясат та, ақша да емес": Айбек Нұғымаровтан коронавирус анықталды (видео)