Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тука ән салып жүр": Түркістан облысында аста-төк той жасағандар желіде әшкере болды

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде коронавирус пандемиясына қарамастан дүбірлеп өткен ұлан-ғасыр тойдың видеосы тарап кетті. Карантин талаптарын бұзған айтулы шара Түркістан облысында болған. Үй ауласында ұйымдастырылған қуанышқа 200-300-ге жуық адам шақырылса керек. Олардың арасында белгілі әзілкеш әрі асаба Нұржан Төлендиев те бар болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Той-томалақтарға тыйым салынғанымен, отандастарымыз оны өткізудің түрлі амалын тауып жатыр.

Күні кеше Түркістан облысында карантинге қарамастан көп қонақ жиналған мерекелік шара желіде әшкере болды.

Сақтық шараларын ескермеген дүбірлі тойдың видеосы Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған.

Бейнежазбадан үй ауласы құдды үлкен мейрамхана залы сияқты қонақтарға лық толы екенін байқауға болады.

Арақашықтықты сақтамай билеп жүрген жұртшылық арасында белгілі әзілкеш әрі актер Нұржан Төлендиев те бой көрсетті. Ол көңілді кештің құрметті қонағы ретінде өз ән шашуын тарту еткен.

Желі қолданушылары карантин ережелеріне немқұрайлы қараған тойшыл қауымның қылығына қатысты екі түрлі пікір білдірді.

Бірі оларды қоғамға қауіп-қатер төндіргені үшін сынап жатса, енді бірі мәңгі есінде қалатын ерекше күнін тойлағысы келетін жастарға түсіністікпен қарауда.

"Осыдан кейін қалай ұялмай ақша жоқ деп айтады? Өздері тойға миллиондап шашып жатыр" , "Түркістан, Шымкент, Қызылорда дегендер тойсыз отыра алмайды" , "Қазақ тойшыл халық қой. Той болмаса қазақ боламыз ба?" , "Мейрамханаларда рұқсат етпеген соң, ауласында жасайды барлығы" , "Сөзім жоқ. Бұлар індет тарап жатқанда мынадай бассыздыққа бой алдырғаны қалай болғаны?" , "Жергілікті билік қайда қарап отыр?" , "Тука ән салып жүр. Ол тойға шығып мәз шығар" , "Осыдан кейін Түркістанда тағы үш жүз адам коронавирус жұқтырса таңғалмаймын" , "Дауа жоқ екен. Індет деген шарықтап тұр. Немқұрайлы қарап, өзіңіздің де жақындарыңыздың да басын қатерге тігіп отырсыздар" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860389-tuka-n-salyp-zr-trkistan-oblysynda-asta-tk-toj-zasagandar-zelide-skere-boldy/

pixel