Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вирустың көкесі енді келді": Мақсат Толықбай халыққа маңызды үндеу жасады

Жарияланған күні:

Отандық танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай коронавирус инфекциясының таралуы енді күшейе түскенін айтты. Оның сөзінше, COVID-19 вирусының бәсеңдегені туралы айтуға әлі тым ерте. Ақпарат өкілі өз танысының індетке шалдыққанын хабарлап, оны ауруханаға әрең жатқызғандарын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мақсат Толықбай Instagram желісінде коронавирус туралы видео түсіріп, барша отандастарын қауіпті індеттен сақтанып жүруге шақырды. Ол вирустың барына сенбейтіндерге COVID-19 жұқтырып алған танысының басынан өткен жағдайды баяндап берді.

Оның айтуынша, бүгінде бірқатар қалалардың ауруханаларында науқастарды жатқызатын орын мүлдем жоқ.

"Қайырылы күн, құрметті достар! Енді бұған дейін қалай болғанын білмеймін, өз көзіммен көргенім жоқ, таныстарымның арасынан шыққан жоқ. Нағыз коронавирус енді басталды. Бас қала Нұр-Сұлтанның өзінде, Шымкентте, Түркістанның кейбір ауруханаларында орын жетіспей жатыр. Кәдімгі дене қызуы көтерілген, қатты жөтелген науқастар дәлізде жатыр.

Кеше өзіміздің танысымызға таңға жуық, әрең дегенде бір палата тауып бердік. Қазір жекеме жазып жатқандар көп. "Мақсат, тестілеуден өттім. COVID-19 көрсетті. Еш жерім ауырмайды. Бірақ, жедел жәрдем шақырдым. Екі сағат, бір күн болды күтіп отырғаныма" деп жазуда. Министрліктің жаңа қаулысы шықты. Бұдан кейін симптомсыз түрі болса, ешкім сізді қанша жалынсаңыз да ауруханаға алып кетпейді.

Үйде жатып емделесіз. Жағдай онсыз ушығып жатыр. Күніне мың адамнан тіркелуде. Орын жетпей жатыр. Сол себепті, сенбейтіндерге айтқым келеді. Сен сенбе - өз еркің. Бірақ. енді қанша жерден жалынсаң да сені ауруханаға ешкім жатқызбайды. Жақындарыңызға барынша жанашыр болыңыздаршы" , - деді Мақсат Толықбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860772-virusty-kkesi-endi-keldi-maksat-tolykbaj-halykka-mayzdy-ndeu-zasady/