Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ангинаны емдейді": Белгілі дәрігер құрттың көптеген ауруға таптырмас ем екенін айтты

Опубликовано:

Табиғи шөптермен емдеуді жолға қойған дәрігер Сүлеймен Маралбай кәдімгі құрт жеу арқылы, денсаулықты қалай сақтауға болатынын айтты. Тәжірибелі маманның айтуынша, құрт – ангинаны емдеуге таптырмас құрал. Әрі құрт арқылы ас қорытуды жеңілдетуге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрт ангинаны емдейді": Белгілі дәрігер құрттың көптеген ауруға таптырмас ем екенін айтты
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: facebook.com, astanalife.kz: UGC
"Егер ангина мазалайтын болса, күніне 5-6 түйір құрт жеген дұрыс. Өйткені, құрт жеген кезде сілекей көп бөлінеді. Ал сәлекей құрамында ауыз қуысын бактериялардан тазалайтын лизоцим бар. Құрттың құрамындағы тұз ангинаны жеңілдетуге көмектеседі",– дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, құрт адам ағзасындағы қажетсіз майларды ыдыратады екен. Сүлеймен Маралбай құрт жеп шөлдегенде не істеу керектігін керектігін айтты.

Әрине, құртты көп жеген соң, шөлдеуіңіз заңды. Шөл қысқанда кептірілген, қанты аз алма компотын ішкен дұрыс. Компотты күнделікті ішу арқылы бүйректегі тас пен құмды түсіріп, несеп жолдарының жұмысын жақсартамыз. Адам қаны қоюланса немесе қандағы май мөлшері көбейген кезде 2-3 түйір құрт жеген маңызды. Құрт қанды сұйылтып, майды ыдыратады.
Жалпы, күн сайын 5-6 құрт жеген адамның денсаулығында айтарлықтай өзгерістер пайда болатыны сөзсіз. Ауыз қуысыңыз тазарады, ас қорыту мен ангинада қиындық болмайды, тістеріңіз ағарып, бүйрегіңіз сыр бермейді. Кальций көбейіп, сүйектеріңіз қатаяды", – дейді Сүлеймен Маралбай.

Айта кету керек, үш жыл ішінде 30 мыңнан аса адамның сауығып кетуіне себепші болған маман шөп-дәрімен емдеудің басты құпияларымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860788-krt-anginany-emdejdi-belgili-driger-krtty-kptegen-auruga-taptyrmas-em-ekenin-ajtty/

pixel