2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Қауіпті вирус жұқтырған Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына қатысты пікір білдірді. Ол Елбасының қазіргі жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter/ Aidos Ukibay

Фото: Twitter/ Aidos Ukibay

"Ай басынан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі аса тығыз болды. Елбасы бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізіп, ресми өкілдерді қабылдады.

Оған қоса, Тұңғыш президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Телевизиялық түсірілімді ұйымдастыруға шамамен 40-тан аса адам тартылды. Оның ішінде шетел азаматтары да бар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты жағдай медициналық қызметтердің жіті бақылауында. Алаңдауға еш негіз жоқ. Елбасы заманауи коммуникация арналарын қолданып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастырып жатыр.

Бекітілген қаулыға сәйкес, Тұңғыш президенттің өзге адамдармен жеке байланысы шектелді. Елбасының қатысуымен жоспарланған кейбір іс-шаралар видеоконференция арқылы онлайн-форматта өтуі мүмкін.

Ресми жаңалықтардан кейін бірден Тұңғыш президент үшін уайымдап, оған тез сауығып кетуін тілеп жатқан азаматтардың хабарламалары тоқтаусыз келуде.

Менің ұялы телефоныма келіп жатқан сансыз хабарламалар мен қоңыраулардан тыным жоқ. Құрметті журналистер, достар, туыстар, әріптестер, жақын және алыс шетелдегі қызметтестер Елбасыға күш-қуат пен денсаулық тілеп жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президентке деген қолдауын білдіріп үлгерді. Елбасы канцеляриясына еліміздің барлық өңірлерінен телеграммалар мен хабарламалар келіп түсуде.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сауығып кетуін тілеп, қолдап, жылы лебізін арнап жатқан жатқан барша қазақстандықтарға өз алғысын білдірді" , - деді Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы бүгін, 18 маусым күні белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қауіпті вирус жұқтырған Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды