Выйти
RU

ҰҚК экс-басшысы мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі растады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: azattyq.org

Фото: azattyq.org

Шешім 18 маусымда күшіне енген.

"Жазасын орташа режимдегі колонияда өтеп жатқан адамдар қамауда болған уақытын түрмеде өткізгендей есептеуге құқылы. Адам тергеуде болғанда, қамауда болған бір күні түрмеде өткізген бір жарым күнмен тең деп есептеледі. Осыны ескере келе, сәуірде Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдана отырып, ол өтініш берді", - деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен жұмыс бойынша координатор Елдос Жұмақсанов.

Оның сөзінше, сот 6-бапты қолданып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының мерзімін өзгерткен. 

"Нұртай Дүтбаев жазасының жартысынан көбін өтегендіктен мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы екінші рет өтініш берді. Сот қайта есептеуді, сонымен қатар, оның 64 жасқа толғанын ескеріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатты", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, Нартай Дүтбаев 2017 жылдың қыркүйегінде сотталған болатын.

Кейін Нартай Дүтбаевқа жаңа іс бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы қылмыстық кодекстің 185 бабының 3-тармағы "Мемлекеттік құпияны жария ету" және 362 бабының 3-тармағы "Билік пен қызметтік бабын асыру" бойынша 12 жылға сотталған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰҚК экс-басшысы мерзімінен бұрын бостандыққа шықты