ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Дүтбаевқа екінші үкім шықты
Опубликовано:
ҰҚК-нің сотталған бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевқа тағы бір үкім шықты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Сот отырысында іс материалдарында мемлекеттік құпия саналатын мәліметтердің бар болуына байланысты Ақмола облысының әскери сотында жабық режимде өтті.
Экс-басшы Дүтбаевқа билікті асыра пайдалану, қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру сынды бірнеше бап бойынша айыптар тағылды.
Тағылған айыптардың ауырлығына байланысты сот бұрынғы ҰҚК-нің басшысын 12 жылға бас бостандығынан айырып, оған өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.
Сондай-ақ оның бұрынғы сыбайластарына да қайта үкім шығарылған
Сотта Қалқабаев О.Ш. мен Дүтбаев Р.Н. Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-тармағы және 218-бабының 3-тармағы (1997 ж.) бойынша айыпты деп танылғаны хабарланды.
Қылмыстық істерді ішінара біріктіру арқылы сот Дүтбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714580-kk-ni-bryngy-bassysy-dtbaevka-ekinsi-kim-sykty/