Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жұмысынан қуылған мектеп директоры жанайқайын айтты

Опубликовано:

Түркістан облысындағы Борлысай жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарған Шынаркүл Бекберген көпшіліктен көмек сұрады. Ол Бәйдібек аудандық білім бөлімінің басшысы өткен-кеткенді қазбалап, сауатты себеп болмағанына қарамай, бар жоғы 15 минуттың ішінде жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықты ұстата салғанын айтып, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы
Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы: Instagram

Шынаркүл Бекберген Борлысай мектебінің директоры лауазымынан босап қалуына нақты себеп жоқ екенін алға тартты.

Ол жұмысынан кетуіне ру мәселесі де себеп болуы мүмкін екенін жасырған жоқ. Оқу орнының бұрынғы басшысын кейбір әріптестері кейде "Тегін директор" деп те атайды екен. Жұрттың бұлай деуін Шынаркүл Бекберген жұмысқа өз күшімен тағайындалғандығымен байланыстырады.

Бұрынғы мектеп директоры осыны бәз-біреулер көре алмағаннан, басшылықта болған бар-жоғы бір жылдың ішінде арызды оқша боратты деп отыр.

Алайда оның ешбірі құзырлы органдардың тексеруінің нәтижесінде заңды негізін таппаған.

"Ешкімге ешқандай ақша да ештеңе бергенім жоқ. Бірақ менің атым кей кездерде "Тегін директор" деп аталады екен. Неге мені "тегін директор" деген атты түсінбей, осы сұраққа жауап таба алмай келе жатырмын.

Сонда мен біреуге директоры болғаным үшін айыппұл не болмаса салық төлеп отыруым керек пе? Мен конкурсқа түстім. Конкурс арқылы барып, өттім. Заврайонаға ешуақытта "директор боламын" деп кірген емеспін. Может содан кейін жақпайтын шығармын. Бұл жерден басқа ештеңе таппадым", - деді оқу орнының бұрынғы басшысы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, директордың мәселесі аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың отырысында да қаралыпты. Онда екі тарап бітімге келе алмаған.

"Жұмыстан босатуға негізге алған мәселелер ол жерде көбісі заңға тура келмейді. Екі жақты келісімге келмегеннен кейін, келісім комиссиясына жүгінуге, және әрі қарай сот тәртібімен шешуге жолданған болатын", - деді Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары. Бағдатбек Жанғазиев.

Ал аудандық білім бөлімі мектеп директорының үстінен арыз көп түскенін жеткізді. Оның жауапкершілігі қаралған отырыста да барлығы Шынаркүл Бекбергеннің орнынан кетуін ұсынған көрінеді.

"Мектептің ұжымының арасынан ол кісі тағайындалғаннан бері бірнеше арыз-шағымдар тоқтамады. Әртүрлі тақырыпта жазылады. Тәрбие саласына қатысты психолог, әлеуметтік педогогтардың жұмыстарында көптеген кемшіліктер орын алды. Енді ол жұмыстың бәріне қадағалаушы мектептің басшысы ғой. Облыстық білім басқармасының тарапынан да қайта-қайта бізге хаттар келіп түсіп жатты. Жауапкершілігін қарау жөнінде мектеп директорының сол себепті бізге босатуға тура келді мектеп директорын", - деді аудандық білім бөлімінің бас маманы Айнұр Қалаубаева.

Алайда қызметінен босап қалған мектеп директоры бұл айтқандармен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, арыздардың барлығы негізсіз.

Шынаркүл Бекберген "алқа мәжілісінің отырысында ешкім мені орнымнан алып тастау жөнінде тіс жармады", дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861837-trkistan-oblysynda-zmysynan-bosangan-mektep-direktorv-zanajkajyn-ajtty/

pixel