Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәм сезбей, әлсіреп жүрміз": Әбдіжаппар Әлқожа елді сақтанып жүруге шақырды

Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа елімізде орын алған жағдайға байланысты барша отандастарын аурудан сақтанып жүруге шақырды. Өнер иесінің өзі сырқаттанып қалған көрінеді. Себебі, ол дем сезбей, әлсіреп жүргенін айтып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әбдіжаппар Әлқожа желідегі оқырмандарынан қазіргі таңда жүріп жатқан вирус пен тұмау атаулысына немқұрайлы қарамауын сұрады. Әнші оларға өздерінің және үйдегі егде жастағы адамдардың денсаулығын бақылуын өтінген.

Ол Instagram парақшасында жазба қалдырып,бүгінде өзі де дем сезбей жүргенін айтты.

"Коронавирусын қайдам. Түсінбедім. Тұмауы шынымен екен. Дәм сезбей,көздің ішкі қуысы ауырып,әлсіреп жүрміз. Сақтанып жүріңіздер. Иммунитеттеріңізді жоғары қылуға тырысыңыздар. Диета, дұрыс тамақтану деген қазір керек емес екен. Үйдегі үлкендерге қараңыздаршы. Ол кісілерге қатты тиеді екен мына тұмау. Алла халқымызды аурудан сақтасын" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов маскадағы фотосын жариялап, өзінің екі күн бойы ауырып жатқанын хабарлаған болатын. Желідегілер бірден актердің коронавирус жұқтырған болуы керек екенін болжады. Алайда, сырқаттанып қалған әзілкеш оны анықтайтын тест тапсырмайтынын кесіп айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861906-dem-sezbej-lsirep-zrmiz-bdizappar-lkoza-eldi-saktanyp-zruge-sakyrdy/