Выйти
RU

Қазақстандықтарға 42500 теңге тағы төлене ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елде эпидемологиялық жағдайдың нашарлауына және қызметкерлерді "қашықтықтан жұмыс істеу" режиміне көшіруге байланысты 42 500 теңге қайта төлене ме? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұрымбетовтің сөзінше, төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға төленген 42 500 теңге енді берілмейді.

Бұл туралы министр Хабар 24 арнасындағы онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

"Енді 42 500 теңге әлеуметтік көмек төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз", - деді Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеуге біраз қаражат жұмсалған. Жалпы қаржы бюджеттен емес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінді.

Ол бұл жұмыстардың барысында еңбек министрлігіне Ұлттық банк көмек көрсеткенін тілге тиек етті.

"Бұл тұрғыда бізге Ұлттық банк көп көмегін көрсетті. Ол қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды.

Тағы да оқыңыздар

«Банк Хоум Кредит» басшысы ТЖ кезінде клиенттерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты

Сол себепті бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр. Егер жағдайға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жататын болса, онда басқа қаржы көздері табылып қалар", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Біржан Нұрымбетов 11 мамырдан бастап 42500 теңгеге әлеуметтіктөлемді алуға өтініш беру тоқтатылғанын мәлім еткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтарға 42500 теңге тағы төлене ме