Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42500 теңгеге өтініш беру тоқтатылды ма: Нұрымбетов пікір білдірді

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 11 мамырдан бастап 42500 теңгеге әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылғанын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы министр Хабар 24 арнасындағы онлайн брифинг барысында айтты.

"Бүгін төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Сол себерті біз де бүгіннен бастап жаңа өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз", - деді ол.

Нұрымбетовтың сөзінше, 11 мамырға дейін жіберілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралады.

Министр бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адамға 42 500 теңге төленгенін алға тартты. Оның жалпы сомасы 193 млрд теңге.

Оның ішінде осы төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін 3 млн 735 мың адам өтініш берген. Осы адамдар екінші айға да төлем алуға құқылы. Мамыр айының басында ол төлемдерді іске асыра бастадық", - деді Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" , – деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855227-42500-tegege-tinis-beru-toktatyldy-ma-nrymbetov-pikir-bildirdi/

pixel