Выйти
RU

"Үйіміз мәйіт сасып кетті": Тұрғындар туыстарын жерлей алмай отырғанын айтып, дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда қайтыс болған адамдарды жақындары жерлей алмай отыр. Кейбір азаматтар тіпті ақымын да қазып қойған. Алайда сот сараптамалық институты өкілдері көз жұмған адамдардың денесін бермеген. Мәселе "короновирустан қайтыс болмаған" деген анықтамада болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Үйіміз мәйіт сасып кетті": Алматылықтар туыстарын жерлей алмай отыр

Сюжеттегі кадрлар

Туыстары қайтыс болған азаматтар Алматы қаласы бойынша сот сараптамалық институты ғимаратының алдына жиналып, өздерінің наразылығын білдірді.

Тұрғындардың кейбірінің туыстары үйінде көз жұмған. Айтуларынша, марқұмдарды иісі шығып кетпеуі үшін ең болмаса салқын жерге жатқыза тұрайын десе, орталық мәйітхана қайтыс болғандардың денесін қабылдаудан бас тартып жатыр екен.

Енді олар күннің ыстығында дене бұзылып барады, үйіміз өлік сасып кететін болды деп дабыл қағуда.

Тағы да оқыңыздар

Жамбыл облысында малшы екі әйелді зорлап өлтірген: Марқұмның қызы өз болжамын айтты

"Біздің 80 жастағы апамыз қайтыс болды. Сарапшы келіп COVID-19 сынама алып мәйітке ешкім жақындамасын деп айтты. Апамыздың денесі үйде. Енді ешқандай салттық қызмет өкілдері де жолай алмауда", - дейді қала тұрғыны Екатерина Холюченко.

Азаматтардың кейбірі қайтыс болған жақындарының денесі бұзылып кетпеу үшін сот сараптамалар институтына өткізген. Алайда тест қорытындысы шықпауы себепті мәйітті бермей жатыр екен.

Кей азаматтар марқұмды Атырау, Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент, Талдықорған сынды туған жерлеріне апарып жерлеуді көздейді. Олар сараптама тездетіп жүргізілмесе, өлген адамның денесі бұзылып кететін айтады.

Тұрғындардың кейбірі тіпті жерін алып, ақымын қазып та қойған.

"Ешқайда бара алмай жатырмыз жерлеуге. Ешқандай, ешкімнен көмек жоқ. Кеше келіп әрең өткіздік. Екі күннен кейін. Үйде сасып кетті. Енді соны ала алмай жатырмыз. Анализ келмей жатыр. Еш жер қабылдамай жатыр", – дейді қала тұрғыны Мұрат Құсайынов.

Тағы да оқыңыздар

Көлгінов карантин шаралары қандай жағдайда қатаң түрге көшетінін мәлімдеді

Ал мәйіттерден алынған биоматериалдарға сараптама жасайтын ұлттық сараптама орталығының өзі карантинге жабылып қалған. Сараптама да жүргізілмейтін көрінеді. Анықтама ала алмағандар орталыққа барып та мардымды жауап ала алмаған.

Телеарна тілшілеріне телефон арқылы жауап берген сот сараптама институтының өкілдері мәйітханада оннан аса дене жатқанын мәлім еткен. Зерттеу қорытындылары болмауы себепті денелерді бере алмай отырғанын жеткізді.

"Қазір біздің мәйітханада 13 дене жатыр. Оның ішінде 10 денеде ковид нәтижелері жоқ. Зерттеу справкалары болмаса да біз қабылдаймыз. Қазіргі уақытта ең проблемасы нәтижесі. Ковид бойынша зерттеу. Оны денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын зертханалар істейді", – дейді Жамбыл Бекжанов.

Ұлттық сараптама орталығының өкілдері еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері "ауруханадан тыс жерде қайтыс болған адамдардың денелері коронавирус анықтамасынсыз жерленеді" деген қаулыға қол қойғанын хабарлаған.

Тағы да оқыңыздар

Желіде бет-аузы көгерген әжейдің суреті тарады (фото)

Алайда нұсқау сот сараптамалар орталықтарына әлі де болса берілмеген. Сондықтан әзірге ешкімге туыстарының мәйіті берілмепті.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар КВИ-дің жоқтығы туралы анықтамасыз туыстарын жерлей алмай жатқандарынайтып, наразылығын білдірген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үйіміз мәйіт сасып кетті": Тұрғындар туыстарын жерлей алмай отырғанын айтып, дабыл қақты