Выйти
RU

Маңғыстау облысының әкімі ақпарат саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында облыс әкімі Серікбай Трұмов осы саланың үздіктерін марапаттады. «Халық алғысы» медалімен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Ақпарат саласының үздігі төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының Құрмет медалін табыстады.

Маңғыстау облысының әкімі ақпарат саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

«Халық алғысы» медалімен «Маңғыстау» телеарнасының журналистері Ақсындар Шораева, Әйгерим Иманбаева, «Тумба» газетінің журналисі Нұрғаным Имашева, «Лада» сайтының журналисі Александр Рыжих, «Огни Мангистау» газетінің журналисі Надежда Шульга, «ИнАктау» сайтының журналисі Әлия Шарипова, «Маңғыстау» газетінің Жаңаөзен қаласы бойынша меншікті тілшісі Мұратбай Ұлықпан және «Жаңаөзен» телеарнасының журналисі Сәуле Джумалиева марапатталды.

Денсаулықтарына байланысты марапатқа қатыса алмаған «Қазақстан» ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Аягөз Ізбасарова және «Қарақия» аудандық газетінің редакторы Шынар Кендін де аталған медальмен марапатталды. Айта кетейік  жыл соңына дейін «Халық алғысы» медалі кезең-кезеңімен түрлі сала өкілдеріне табысталатын болады.

Маңғыстау облысының әкімі ақпарат саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Сонымен қатар шарада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Ақпарат саласының үздігі төсбелгісімен Республикалық қоғамдық саяси «ПРЕЗИДЕНТ және ХАЛЫҚ» газетінің Маңғыстау облысы бойынша райтер-тілшісі, ақын, қаламгер-журналист Маусымжан Диханбаева, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасымен «Жаңаөзен жұлдызы» журналының бас редакторы, «Өзен» газетінің журналисі Айнагүл Күшікбаева, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының Құрмет медалімен Ардагер журналист Темір Мыңжас марапатталды.

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың атынан алғыс хатымен Маңғыстау облысының «КТК» телеканалының жеке корреспонденті Хапина Станислава, «Aiqyn» газетінің меншікті тілшісі және «Atameken business channel» телеарнасының тілшісі Жазира Әбіл, «Caspiantodaykz» ақпараттық порталының бас редакторы Асхат Исаев, «Aqtautv» телеарнасының ақпараттық бағдарламалар шеф-редакторы Руслан Агаев, «Казахстанская правда» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі Элина Зироян, «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Тамара Степанова, «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі Талғат Әділов және «Қазпочта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы  Инфрақұрылымды, жабдықтауды және қорларды басқару бөлімінің бас маманы Айбөбек Мұстафаева марапатталды.

Маңғыстау облысының әкімі ақпарат саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Сондай-ақ аймақ басшысының осы Алғыс хатымен Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы, «Маңғыстау» телеарнасы, «Маңғыстау Медиа» ЖШС, «Жаңаөзен» телеарнасы,  Caspiantodaykz ақпараттық порталы, «AQTAU» телеарнасының ұжымы да марапаталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстау облысының әкімі ақпарат саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады