Выйти
RU

Голливуд коронавирус пандемиясына қатысты фильм түсірмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Голливуд коронавирус пандемиясына қатысты фильм түсіруді жоспарлап отыр. Кинокартина COVID-19 басталуы, атап айтқанда, дерттің Қытайдағы алғашқы екі аптасы жайында болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Голливуд коронавирус пандемиясына қатысты фильм түсіруді бастап кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Голливудта жаңа типтегі коронавирустың алғашқы ошағы болған Ухань қаласының медицина қызметкерлері жайлы кинокартина жарыққа шықпақ. Бүгінде "медициналық драманың" түсірілім барысы жоспарланып жатыр.

Өнімді жарыққа шығарумен SK Global Entertainment компаниясы айналысып жатыр, ал картина сценарисі - Чарльз Рэндольф.

Ол "Игра на понижение" фильмінің сценариі үшін Оскар сыйлығын алған.

"Вирустың жарғанаттар арқылы үңгірден Уханьға қалай жеткені - біз үшін әлі жауабы табылмаған сұрақ. Оның жауабы жақында белгілі болмас. Бұл пандемия жайлы триллер емес, медициналық драма. Құбыжықпен күресу - бір бөлек. Ал құбыжықпен қараңғыда айқасу - бөлек нәрсе", - дейді болашақ картина жайлы айтқан Рэндольф.

Түсірілім Қытайда 2021 жылдың басында басталады деп жоспарлануда. Әрине, ол үшін ел билігінің рұқсаты қажет. Әзірге актерлік құрам мен картинаның көрерменге ұсынылатын уақыты белгісіз.

Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты. Эпидемия басталғалы бері 500 мыңнан астам адам аталмыш вирустан қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Голливуд коронавирус пандемиясына қатысты фильм түсірмек