Выйти
RU

Артқы есіктен кірген: Петропавлда тұрғындар жасырын той жасауға тырысқан (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен демалыс күндері Петропавлда Covid-19 жағдайына байланысты көптеген нысан жабылды. Негізінен тек дәріханалар мен дүкендер жұмыс істеді. Алайда, бұл шектеулер дүркіретіп той өткізуге тырысқан кейбір тұрғындар үшін кедергі болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооооо

Фотоны СҚО ПД ұсынды/sputniknews.kz

СҚО полиция департаментінің хабарлауынша, демалыс күндері полиция 100 және 150 адамға арналған екі ірі тойдың алдын алған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сонымен, сенбі күні әлеуметтік желіде мейрамханаға артқы есіктен кірген жас жұбайлардың суреттері пайда болды.

Тыйым салынғанына қарамастан үйлену тойын өткізгелі жатқанды білдіретін бұл жазбаны байқап, тәртіп сақшылары мен санитарлық дәрігерлер дереу іске көшкен.

Әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін мекеме иесі мен той ұйымдастырушысына әкімшілік материал жиналды.

Сонымен қатар құзырлы органға осыған ұқсас тағы бір жағдай хабарланған. Полиция үйлену тойын ұйымдастырушылар мен мейрамхана иелеріне де осындай шара қолданған.

Ал 150 қонаққа арналған үлкен шара жайлы полицияға қырағы тұрғындар хабар берген.

Айтпақшы, жазбаға қатысты пікір білдірген желі қолданушылар биліктің әрекетін мақұлдаған. Қазір жағдай қиын, ауру жұқтырған бір қонақ ондаған адамға инфекция көзі бола алады дейді олар. Сондықтан, мұндай мерекелерді өткізбеу керек.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Еске салсақ, коронавирус жұқтырып, ауруханада ем алып жатқан Қайрат Құдайберген пандемияға немқұрайлы қарап жүрген отандастарына шүйліккен еді.

Ол карантин талаптарын бұзып, ұлан-ғасыр той жасап жатқандарды және әлемдегі жағдайға куә бола тұра шетелге демалысқа кеткен адамдарды аяусыз сынап тастаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Артқы есіктен кірген: Петропавлда тұрғындар жасырын той жасауға тырысқан (фото)