Выйти
RU

42 500 теңге: Қазақстандықтар қандай жағдайда әлеуметтік төлем ала алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізілетіні туралы жаңалықтар шыққан соң ел тұрғындары арасында 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағы беріле ме деген сұрақтар туындады. Оның тағайындалу ережелерін түсіну үшін KAZ.NUR.KZ заңнамаға бір үңіліп көрді.

42 500 теңге: қазақстандықтар қандай жағдайда әлеуметтік төлемді қайтадан ала алады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында қазақстандықтар алған материалдық көмек: төтенше жағдайлар кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төленетін әлеуметтік төлем.

Яғни, қазақстандықтар нақты төлемді төтенше жағдай болған кезде ала алады. Бұл қатаң карантин ғана емес, бұл мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың қызметіндегі ерекше құқықтық режим.

Әрине, мемлекет басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері туралы жарлыққа қол қоя алады, мысалы, эпидемияға немесе карантинге байланысты шектеулер кезеңіне қатысты. Бірақ мұндай заң жобалары туралы әлі хабар жоқ.

Қандай жағдайда төтенше жағдай режимі қайта енгізілуі мүмкін

Әлемдегі коронавирус пандемиясы кезінде төтенше жағдай режимін енгізу шаралары жүзеге асты. Болашақта басқа да ауыр жағдайлар туындауы мүмкін.

Мәселен, Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы" Заңына сәйкес, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастыққа, елдің саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне қауіп төнген және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда төтенше жағдай енгізіледі.

Тағы да оқыңыздар

Мәжіліс депутаты карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізуді ұсынды

Төтенше жағдайға конституциялық құрылысты, терроризм актілерін, билікті күшпен басып алу, ұлтаралық қақтығыстар, жекелеген елді мекендерді қоршау, қарулы көтерілістер және т.б. түрткі бола алады.

Мұның себебі табиғи және техногендік жағдайлар, табиғи апаттар, экологиялық апаттар, эпидемиялар, зиянды заттардың шығарылуымен, өрттермен және т.б.

Елдегі төтенше жағдайдың ұзақтығы бір айдан аспауы керек. Бірақ егер төтенше жағдай енгізу жағдайлары жойылмаса, оны ұзартуға болады.

42 500 теңге: қазақстандықтар қандай жағдайда әлеуметтік төлемді қайтадан ала алады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік төлем қанша теңге болу керек

Әлеуметтік төлемдер ережелеріне сәйкес, табысынан айрылған жағдайда, қаржылық көмектің бұл түрі қазіргі уақытта бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінде тағайындалады.

Яғни, егер елдегі ең төменгі жалақы деңгейі көтерілсе, онда әлеуметтік төлем автоматты түрде артады.

Бұл осы жылдың сәуірінде айлық есептік көрсеткіш пен өмір сүру минимумының өсуінен кейін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінің өсуіне қатысты болды.

42 500 теңгені кім алады

Мұндай әлеуметтік төлемге төтенше жағдай салдарынан әлеуметтік кірісін жоғалттым деп мәлімдейтін әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары өтініш бере алады.

Бұл - әртүрлі әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік жарналар аударған жұмысшылар.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысында карантин режимі күшейтілді

Алушылардың қатарында қызметкерлер, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, азаматтық-құқықтық келісімі бойынша жұмыс істейтіндер және әлеуметтік және зейнетақы жарналары, сонымен қатар табыс салығы кіретін БАЖ төлеушілер болуы мүмкін.

Яғни, төтенше жағдай басталғанға дейін табысы жоқ адамдар, сәйкесінше, оны жоғалтпаған адамдар әлеуметтік төлемдерді талап ете алмайды.

Төтенше жағдай енгізілген кезде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек

Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін табысын жоғалтқан жұмыскерлер дербес немесе жұмыс беруші арқылы жергілікті ХҚКО-ға материалдық көмек тағайындау туралы өтініш бере алады.

Бірақ төтенше жағдай туындаған кезде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін, сондықтан "Электрондық үкімет" веб-порталы әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ретінде көрсетілген.

Өтініш берудің ең алғашқы әдісі "Электрондық өтініштер" қызметі арқылы жүзеге асырылды, оның көмегімен әртүрлі мемлекеттік органдарға хат жолдауға болады.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде материалдық көмекке өтініш жіберудің басқа әдістері жасалуы мүмкін.

Төлем құжаттар тапсырылған және төтенше жағдайдың әр айы үшін төленген күннен бастап тағайындалады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңге: Қазақстандықтар қандай жағдайда әлеуметтік төлем ала алады