2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Түрік елі Қазақстандағы дәрігерлерге 1,5 тоннаға жуық көмек жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Анкарадан елордамыз Нұр-Сұлтанға коронавирус жағдайына байланысты гуманитарлық көмек жіберілді. Бауырлас түрік елінен жөнелтілген жүктің салмағы 1,5 тоннаға жуық деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Түрік елі Қазақстандағы дәрігерлерге 1,5 тоннаға жуық көмек жіберді

Көрнекі фото: pixabay.com

Анкарадан келген медициналық "сәлемдеменің" ішінде 100 мың дана бір реттік маска, 2000 дана қорғаныс киімдері, 2000 дана бетперде, 2000 дана көзілдірік пен 2000 дана бахила бар.

Гуманитарлық көмекті Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйытқысымен «KayaTurk Group» компаниясы ұйымдастырды. 

Аталған өнімдер Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы алдыңғы шепте жүрген күресуші қызметкерлерге беріледі. 

Айта кеткен жөн, алыстағы ағайын бұған дейін бірнеше рет гуманитарлық көмекпен қоса қауіпті індетке қарсы арнайы препараттар жөнелткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 21 маусымда ұзақ уақытқа созылған карантиннен кейін Алматы-Анталия бағыты бойынша алғашқы қазақстандық рейс ұшты. Алайда демалысқа аттанған азаматтар арасынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды.

Хабар 24 телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, төрт адамнан Covid-19 вирусы анықталған.

Қазіргі кезде олар Анталиядағы қалалық ауруханада жатыр. Қалған жолаушылар оқшауланды. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түрік елі Қазақстандағы дәрігерлерге 1,5 тоннаға жуық көмек жіберді