RU

Қысқа киім киген Алагөзованың қыздары қызу талқыға түсті

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова екі қызын ерекше фотосессия кезінде видеоға түсіріп, көпшілікпен бөліскен. Шоу-бизнес өкілі қос қызғалдағының сұлулығына тәнті болып, оларды расымен өзі туғанына қатты таңғалған. Алайда, желі қолданушыларының барлығы бейнежазбадан жақсы әсер ала қоймаған секілді. Кейбірі арулардың көркіне қызықса, енді бірі олардың ашық әрі қысқа образдарын сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айсәуле мен Айару Бақытбектің қызу талқыланған видеосы Алагөзованың Instagram парақшасында жарияланған.

Онда қос арудың іші ашық тұратын жейде әрі қысқа юбка киіп алып, фотографтың алдында майысып тұрғанын көруге болады.

Кадрлардан мұндай форматтағы фотосессиялар продюсердің үлкен қызына оңай екені байқалады.

Алайда, Алагөзованың кенжесі өзін сәл сенімсіздеу ұстаған. Фотограф тіпті Айаруға аяғын қалай қою керектігін үйретті.

Баян Мақсатқызы бұл фотосессияда кенже қызы алғаш рет биік өкшелі туфли киіп шыққанын айтып қалды.

Желі қолданушылары продюсердің қос қызғалдағына қатысты желіде нағыз пікірталас тудырды. Бірі мінсіз мүсінді Айсәуле үшін жақтасып жатса, енді бірі Айарудың одан әлдеқайда әдемірек екенін жарысып жазуда.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1862903-kandaj-anadan-tugan-kyska-kiim-kigen-alagzovany-kyzdary-kyzu-talkyga-kaldy.html