Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыров Путинді өмір бойына президент сайлауды ұсынды

Жарияланған күні:

Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров жергілікті билікпен жиналыс өткізу кезінде Владимир Путинді өмір бойына Ресей президенті етіп сайлауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Саид Царнаев
Фото: РИА Новости / Саид Царнаев: Facebook

Шешенстан басшысы өзінің Telegram-арнасында жиналыстан үзінді жариялады.

"Владимир Путинді өмір бойына президент сайлауға тиіспіз деп үнемі айтамын. Бүгін оны кім алмастыра алады? Әлемдік деңгейде ондай саяси көшбасшы жоқ", – деп мәлімдеді Қадыров.

Ол сондай-ақ Конституцияға ұсынылған түзетулердің "мемлекеттік позицияны күшейтуге" қатысты екенін атап өтіп, әрбір ресейлікті дауыс беруге қатысуға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің конституцияға өзгертулер енгізуге дауыс беруді жоспарлап отырғанын хабарлағанбыз.

1 шілде – Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні. Ол алдымен 22 сәуірге жоспарланған болатын, бірақ содан кейін елде коронавирус эпидемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Кейін Путин дауыс берудің жаңа датасы туралы жарлыққа қол қойды.

Эпидемиологиялық жағдайды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, ресейліктер 25 маусым мен 1 шілде аралығында дауыс бере алады. Электрондық дауыс беру форматы Ресейдің екі аймағында ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1862995-ramzan-kadyrov-putindi-mir-bojyna-prezident-sajlaudy-syndy/