Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ басшысы әлемде COVID-19-ге қарсы 141 вакцина жасалып жатқанын айтты

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазіргі уақытта әлемде 141 коронавирус вакцинасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ДДСҰ басшысы әлемде COVID-19-ге қарсы 141 вакцина жасалып жатқанын айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Халықаралық ынтымақтастықтың COVID-19 вакцинасын жасақтаудағы өмірлік маңызды рөлін қарастырамыз. Бұл желіде коронавирус штаммдарын ретке келтіру туралы ақпарат таратылғаннан кейін басталды, қазір 141 вакцина әзірленіп жатыр. Жұмыс істеп жатқан жетекші кандидаттар бір айдың ішінде сәтті нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Әрине, толық қорғауға кепілдік жоқ, алайда біздің үмітіміз зор", – деді Гебрейесус Washington Post басылымында жарияланған мақаласында.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды пандемия деп жариялады.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар 10,3 миллионнан асқан. Дүниежүзі бойынша 508 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Елдегі ахуалға тоқталсақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1509 адам тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 42 574-ке жетті.

Ауруынан жазылып шыққандар саны 14 059-ды құрап отыр. 188 адам COVID-19-дан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863088-dds-bassysy-lemde-covid-19-ge-karsy-141-vakcina-zasalyp-zatkanyn-ajtty/

pixel