Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дене қызуы көтерілсе де қыз ұзатпақ болған ару елдің қаһарына ұшырады (фото)

Жарияланған күні:

Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей желіде ауырып тұрғанына қарамастан, қыз ұзатып жүрген арудың суретін салып қойды. Ол дене қызуы 39 градус болса да, көп адам жиналатын тойға барудан бас тартқысы келмеген. Бойжеткен өз әрекетін жауапкершілік деп түсіндірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigulmukei
Фото: Instagram/aigulmukei: Instagram

Айгүл Мүкей қыз ұзататын арудың жазбасына тап болғаннан кейін ашуға бой алдырып, оны бүкіл елге көрсетуді жөн көрген.

Тележүргізуші індет өршіп тұрғанда, бойжеткеннің той-томалақтарға барып өзгелерге ауруын жұқтыруы әбден мүмкін екенін жеткізді.

"Қыздар, дұрыс түсініңіздер. Бұл аса қауіпті ауру. Сендер жассыңдар, дене қызуымен жүріп-ақ жазылып кетесіңдер. Ал үлкендер болса, көз жұмып жатыр" ,- деді тележүргізуші Instagram желісінде.

Аталмыш фотода ұлттық көйлек киіп отырған қызды көруге болады. Ол суретке жазба қалдырып, елдің қаһарына ұшырады.

"39 градус температурамен отырмын. Бүгін екі қызды ұзатуым керек еді. "Подводить" еткенді ұнатпаймын. Бұл да бір біреудің көптен күткен қуанышы емес пе" , - деп жазды ол.

Қыз ұзататын бойжеткенге қатысты өз наразылығын кәсіпкер Қайрат Құдайберген де білдірді. Ол өзі ауырып жүріп, өзгелердің денсаулығын ойламаған аруды сөгіп тастады.

"Ақыр заманның белгісі. Бұл кім екенін кім біледі? Өзі ауырып басқаларды жұқтырып жүрген не деген адам бұл?", - деп жазды ол.

Желідегілер қос жазбаның астына сансыз жағымсыз пікір қалдыруда. Дене қызуы көтеріліп тұрып, қыз ұзатпақ болған бойжеткен елден оңбай сөз естіді.

"39 температура болса отыр үйіңде. Ақшадан өлгенба", " Оған ақша керек, біреудин денсаулығын не қылсын.Сөз жок" , "Біреудің көптен күткен қуанышын күтпеген қайғыға айналдырмаса болғаны. Ақшадан өлді ма сонша? Жатпай ма үйінде қанша адамды қатерге тікпей" , - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863280-dene-kyzuy-kterilse-de-kyz-zatpak-bolgan-aru-eldi-kaaryna-syrady-foto/