Ақтөбе ауруханасында пневмониядан 25 науқас көз жұмды: Марқұмдар арасында дәрігер бар
Жарияланған күні:
Ақтөбе ауруханасында үш тәулікте 25 науқас пневмониядан көз жұмды. Олардың арасында белгілі дәрігер- невролог Дон Қожақұлов та бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Диапозон" басылымының ақпарынша, бүгінде Ақтөбе медициналық орталығына тек пневмонияға шалдыққандар жатқызылып жүр. Қазір онда шамамен 400 науқас ем курстарын қабылдауда. Осыған дейін бір айға жететін оттегі көлемі енді 4-5 күнге ғана жетеді.
Мұнда үш -ақ тәулік ішінде 25 адам қайтыс болды: 26 маусымда 10 науқас, 27 маусымда -8 науқас, 28 маусымла 7 науқас.
Мессенджерлерде медициналық мекемеде жарық энергиясы сөндірілгені жайлы ақпарат тарады. Сондықтан, жасанды желдету аппараттары уақытша өшкен делінген хабарламаларда.
Алайда, Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев бұл ақпаратты жоққа шығарып, клиникада жарық болғанын мәлімдеді. Ол үш тәулікте ауруханада "вирусты пневмония" диагнозымен жатқан 25 науқас қайтыс болғанын растады.
Негізінен, өлім себебі - өкпедегі тромбтардың түзілуі. Ұюдың пайда болуына жол бермес үшін барлық науқасқа қан сұйылтатын препараттар тағайындалады. Бірақ, ол барлық жағдайда бірдей көмектеспейді, сондықтан науқастар қайтыс болып жатыр.
Бас дәрігердің түсіндіруінше, маман бірнеше апта бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан. Әріптестерінің салған күшіне қарамастан, ол қайтыс болған.
Жетекшінің сөзінше, қазір жансақтау бөлімінде 18 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып жатыр. Мекемеде оттегі бар, бірақ соңғы кезде үш есе көп жұмсалуда. Тәулігіні 2,5 тонна. Препараттарда да дәл сондай жағдай. Бір айда жұмсалатын дәрілер 5 - 6 күнде бітеді. Науқастар арасында ақ халаттылар да көп.
Айта кетейік, Қазақстанның 13 өңірінде коронавирус инфекциясынан 415 адам айығып, ауруханадан шықты. Осылайша, елімізде COVID-19 дертінен емделгендер саны 15276-ға жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1863433-aktbe-auruhanasynda-pnevmoniadan-25-naukas-kz-zmdy-markmdar-arasynda-driger-bar/