Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ата кәсіпті дөңгелетіп отырған жылқышы әйел туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Жамбыл облысы Қаратау қаласының тұрғыны Фариза Әлібекова жылқы өсірумен айналысып жүр. Ол арнайы бағдарламамен жеңілдетілген несие алып, бүгінде ата кәсіпке ден қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Хабар24
Видеодан кадр/Хабар24: Instagram

Фариза Әлібекова жылқы өсіруді былтыр қолға алған. Әйел адам өткен жылы 4 миллион теңге несие рәсімдеп, 10 бас жылқы сатып алған.

Ол биыл алғашқы төлін алып, сүтін сусын етіп пайда тауып отыр.

"Бір жыл демалыста айналдырып алдық. Биыл малдарымыздың бәрі төлдеді. Қыста жем-шөбіміздің ақшасы бәрі бірге берілді", - дейді Фариза Әлібекова.

Жылқышы әйел кісінің тірлігі көпке үлгі. Алты бала тәрбиелеп жеткізген көп балалы ана "Бақытымды еңбектен таптым" дейді. Қазіргі кезде шаруашылықта кенжесі қолғабыс етіп жүр.

Фариза Әлібекова/Кадр Хабар24
Фариза Әлібекова/Кадр Хабар24: Depositphotos

Фариза Әлібекова қазір кәсібін кеңейтуге жер қарастырып жатқанын жасырмады. Ол әзірге қала сыртына уақытша киіз үй тігіп, малын бағып отыр. Болашақта шаруақожалық ашып, құс шаруашылығын да қатар дамытсам дейді.

Оның сөзінше, жақында 252 мың теңге грант жеңіп алған. Аталған қаржыға етті бағыттағы 50 бас түйетауық алып, жаңа істі бастағанын жеткізді.

"Грант берілді сізге, түйетауыққа аласыз ба деді. Жарайды аламыз дедік. Ақыры мал асырап сыртта отырғаннан кейін мұның да пайдасын көрейік дедік. Ешқандай қиындығы жоқ. Жем-шөбін беріп, қарасаңыз болды", - дейді Қаратау қаласының тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863878-zambyl-oblysynda-atap-ksipti-dgeletip-otyrgan-zylkysy-jel-turaly-ne-bilemiz/