Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Жарияланған күні:

13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Азаттық/Мәди Бекмағамбетов
Фото: Азаттық/Мәди Бекмағамбетов: Depositphotos

Президент өз мәлімдемесінде қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде екенін, әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жеткенін, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысының сөзінше, өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ.

Президенттің айтуынша, елде коронавирустан қайтыс болған әр азаматтың қазасы жүрегіңе қатты батқан.

"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде елімізде індетпен күрес жалғаса беретінін де баса айтты.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 51 059-ға жеткен. 16 928 адам COVID-19-дан жазылып шықса, 264 адам вирустың құрбаны болған.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864010-13-silde-kazakstanda-aza-ttu-kni-bolmak/