Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күшіміз - бірлікте": Шымкенттік кәсіпкерлер тойханаларын госпитальға айналдыруға дайын

Жарияланған күні:

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жабық банкет залдарын аралап шықты. Қажеттілік туындаған жағдайда олар провизорлық стационарға айналуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте тойханалар провизорлық стационарға айналуы мүмкін
Фото: Шымкент әкімдігі: UGC

Мұрат Әйтенов қалада көмек көрсетуге және өз ғимараттарын провизорлық орталыққа айналдыруға әзір кәсіпкерлермен кездесті.

"Жастар бізге көмектеуге дайын екенін айтты, артынша кәсіпкерлер көмек ұсынды. Біз бұл мәселе жайында ойланып жатырмыз, әзірге түбегейлі шешім қабылдамадық. Мәселе көп. Бірақ, кәсіпкерлердің қиын кезеңде қолдау білдіріп, ғимараттарын беруге дайын екенінің өзі қуантады. Қазір жұмысты жалғастырып, нысандар мен орталықтарды қарап жатырмыз. Жағдай тұрақтанып келеді. Адамдарды емдеуге тойханаға алып келетін жағдайға жетпейміз деп үміттенемін", - дейді Әйтенов.

Шымкенттегі тойханалардың бірінің иесі өз ғимаратын неге госпитальға айналдыруға ниетті екенін айтты.

"Қазір болмағанда қашан? Дүрбелеңге салынып, билікті сынағаннан не пайда? Жоқ! Сіздің рухыңыз бен намысыңыз болса, бос айғайламай, адамдарға көмектесу керек. Менің тойханам қазір бос тұр, неге? Одан не пайда бар? Егер қажет болса, емдеуге алып келсін, өзім тамақпен қамтамасыз етемін. Президент болса да, әкім болса да, жалғыз адам ештеңе істей алмайды. Біздің күшіміз-бірлікте. Қазір бір-бірімізді қолдауымыз керек, ал тойхана әлі де пайда тауып үлгереді", - дейді Ильхам Қадыров.

Өз ғимараттарын провизорлық орталыққа айналдыру туралы ойды Шымкенттің басқа да кәсіпкерлері қолдаған.

Қала басшысы Мұрат Әйтенов жағдайдың қазір тұрақты екенін, ал қажет болған жағдайда барлық мұқтаж жандарға көмек берілетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде 132 дәрігер коронавирус жұқтырғанын, ал бесеуі пневмониядан қайтыс болғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864203-bizdi-ksimiz-birlikte-symkenttik-ksipkerler-tojhanalaryn-gospitalge-ajnaldyruga-dajyn/