Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылы қайда басталады: Мемлекет басшысы тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктерді жаңа оқу жылына дайын болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Менде министрліктің бұл жағдайға дайын екендігіне күмән бар. Балалар қалай оқиды? Мектепте немесе қашықтықтан? Жаңа оқу жылына мұғалімдердің дайындығы қандай?", - деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев қашықтықтан оқытуға қатысты өз ойын білдірді.

"Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады", - деді мемлекет басшысы.

Президент осы мәселеге байланысты үкіметке тапсырма берді.

"Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды", - деді ол.

Тоқаевтың сөзінше, әкімдіктер жаңа оқу жылына тез арада дайын болуы керек.

"Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарады. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видеобайланыс арқылы ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1864321-zaa-oku-zyly-kajda-bastalady-memleket-bassysy-tapsyrma-berdi/

pixel