Павлодарлықтардың пневмониямен ауыратындарға арналған дәрі-дәрмектері шекарада тәркіленді
Жарияланған күні:
Павлодар тұрғыны Омбыда тұратын әпкесінен қалада табылмайтын дәрі-дәрмектерге тапсырыс берген, алайда сонда да оларға қолы жетпеген. Белгілі болғандай, шекарада дәрілерді әкеле жатқан жүргізушіден барлығы тәркіленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Павлодарлық Юлияның сөзінше, ол жақында ауырып қалған, алайда диагнозды анықтау қиынға соғыпты. Әуелде ол коронавирусқа ПТР тесттен өтуге үміттеніп, ентігумен клиникаға барған.
Бұл белгінің өзі жеткіліксіз болып шықты. Юлия уақыт өте өкпесіне КТ жүргізгенін айтты, тек содан кейін оған пневмония диагнозы қойылған және COVID-19 белгілері де жоққа шығарылған жоқ.
Оған ем тағайындалды, бірақ Павлодар дәріханаларында дәрі-дәрмек табылмады, сондықтан Юлия Теплова Омбыдағы әпкесінің көмегіне жүгінді. Әпкесі Ресейден препараттар сатып алып, Қазақстанға бара жатқан жүргізушіге оларды тапсырды. Ол өз кезегінде бірнеше чек салынған пакет пен дәрілерді алып келе жатқан. Алайда оның бәрі шекарада тәркіленді. Анықталғандай, ер адам тасымалдаумен бұған дейін де айналысыпты.
"Шекарада көлік тексеріліп, дәрі тәркіленді. Біреуде сертификатсыз көп мөлшерде дәрі болған деседі. Нәтижесінде барлығының дәрілері тәркіленді. Оның арасында әртүрлі пакетке салынған біздің де дәрілеріміз бар. Біз контрабандамен айналысқан жоқпыз, бұл препарат біз үшін өте маңызды, оларды Ресейден сатылымға қою үшін алдыртқан жоқпыз", - дейді Юлия Теплова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864441-pavlodarlyktardy-pnevmoniamen-auyratyndarga-arnalgan-dri-drmekteri-sekarada-trkilendi/