RU

"Барлығы өтірік": Еріктілер денсаулық министріне видеоүндеу жолдады

Telegram logo VKontakte logo

Ауруханалардағы пациенттерді емдеп жүрген дәрігерлерге көмектесетін еріктілер Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға видеоүндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Instagram

Видео ерікті Аида Букаеваның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Ол еліміздің ауруханаларында дәрі-дәрмек жеткіліксіз екенін айтып, гуманитарлық көмектің тиісті орындарға жетпейтінін мәлімдеген.

"Құрметті денсаулық сақтау министрі, егер сізге дәрі-дәрмек жеткілікті деп, барлық ауруханалар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген деп хабарласа, бұның барлығы өтірік. Ешкімге сенбеңіз. Бізде видео мәліметтер жеткілікті. Біз пациенттердің туыстарынан сәлем-сауқаттарды қабылдап, оларды палаталарға жеткіземіз. Бізде көптеген видеоматериалдар бар және елімізге қандай гуманитарлық көмек келетінін көрсетіп, адамдарды ашуландырмаңыз", - деді ерікті.

Автор көмек тиісті орындарға жетпей жатқанын жасырған жоқ. Ол министр тез арада оң шешім қабылдамаса, ауруханада түсірілген барлық видео материалдарды жариялайтынын жеткізді. 

Тағы да оқыңыздар

Цой: Медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын халықтық бақылау құрамыз

Аида Букаеваның сөзінше, дәріханалардағы кезек ауруханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеуінен пайда болған. Пациенттердің туыстары препараттарды өздері іздеп, кезекке тұруға мәжбүр. Ол бұндай әрекет адамдардың жаппай коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін тудыратынын айтты.

Желіде көптің талқысына түскен видеоүндеуге өз кезегінде денсаулық сақтау министрі үн қатты. Алексей Цой жазба авторымен байланысқа шыққанын жасырмады.

"Мен Аида Букаеваның Facebook әлеуметтік желісіндегі видео үндеуін көрдім. Жазылушылардың бірі оның байланыс телефонын берді. Қоңырау шалып, сөйлестік. Бірнеше айдан бері ол ауруханалардағы дәрігерлерге көмек беріп, науқастарға қамқорлық жасап, еден жуып, сусынын жеткізіп отыр. Біздің дәрігерлер ерлікпен тең әрекеттер жасауда. Олар оқиға ортасында бола отырып, жұмыста кездесетін мәселелердің шынайы көрінісін көреді", - деді министр Facebook парақшасында.

Тағы да оқыңыздар

Алматыға 1 миллионнан астам парацетамол жеткізілді

"Біз медициналық ұйымдардың ішкі жағдайына өз бетінше қадағалау жүргізуге дайын азаматтардан халықтық бақылау құруға келістік. Яғни, бұл шынайы көріністі нақты бағалау үшін қажет. Бұнда көмек көрсету туралы ұсыныстар беріліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу жайы, қызметкерлердің қорғалу деңгейі, олардың науқастарға көмектесуі, басшылық құрамның ұжым мен пациенттерге назар аударуы бақыланады. Қажет болған жағдайда, әсіресе, жемқорлық сипаттағы препараттарды қайта сату жағдайларында қатаң шаралар қолданамыз", - деп сөзін жалғады ол.

Сонымен қатар, Алексей Цой еріктінің аталған бағытта бақылау жүргізуді құптап, тіпті аймақтарды да аралауға дайын екенін білдірген.

"Біз сондай-ақ өңірлерде осындай жұмысқа қатысуға дайын азаматтарды іздестірудеміз. Қазіргі кездің өзінде ұлттық еріктілер желісі осы жобаға қатысуға ниет білдірген. Оларға медициналық ұйымдарға қол жетімділікті қамтамасыз етеміз. Солай, нәтижелер бойынша жағдайды жақсарту үшін нақты шешімдер қабылдаймыз", - деді ведомство басшысы.

Тағы да оқыңыздар

Жамбыл облысында емхана басшысы пациентті сотқа бермек

Оның айтуынша, бұл жобаға ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да қолдау көрсетуге уәде берген.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena спорт кешенін жұқпалы және провизорлық стационарларға айналдыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын жазды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Барлығы өтірік": Еріктілер денсаулық министріне видеоүндеу жолдады