Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай: Мемлекет басшысының бір минут азалы үнсіздігі ауыр тиді

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай республика бойынша жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус салдарынан көз жұмған науқастарды еске алып, оларға желіде жазба арнады. Оған қоса, ақпарат өкілі Ақорда алдына шыққан мемлекет басшысының бір минут үнсіздігі өзіне аса ауыр тиген айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay.
Фото: Instagram/askhatsadyrbay.: Instagram

Асхат Садырбай қатерлі індеттен көз жұмғандар туралы жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында бөліскен.

"Күн сайын қаралы хабардан еңсеміз түсіп, есеңгіреп отырғанда жалпыұлттық аза тұту, марқұмдарды үнсіз еске алып, құран, дұға бағыштағанымыз дұрыс болды деп ойлаймын. Бүгін Мемлекет басшысының 1 минут азалы үнсіздігі жүрегімізге ауыр тиді.

Індет ешкімді бөліп-жарып, талғап жатқан жоқ, жалмап жатыр. Дәрігерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері...бәрі бірінен соң бірі келместің кемесіне мініп кетіп жатыр. Біз ғана емес бүкіл әлем жақынын жоқтап, қимас жандарын жер қойнына тапсыруда. Амал нешік, жазмыштан озмыш жоқ. Алла марқұмдарды мейіріміне алсын.

Өлі разы болмай тірінің тіршілігі жүрмейді дегенді құлағымызға құйып өскен қазақпыз. Бұйыртса енді бәрі оңалып кетер, жақсы күндерге үміт артып, ниет етейікші. Адам шығыны тоқтаса екен, енді болмаса екен. Мұндай күн қайтып келмесін, туымыз төмен түспесін. Ауырып жатқан жандардың емі шипалы болсын, тезірек жазылып кетуін тілейміз.

Ауызбіршілігіміз бен ертеңгі жақсы күндерге деген сеніміміз жоғалмасын ең бастысы. Бір-бірімізге қамқор болсақ, қорған болсақ бізді ешқандай індет ала алмайды. Басымызға түскен бұл сынақты да бірлікпен, бірге еңсереміз деп сенемін" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864652-ashat-sadyrbaj-memleket-bassysyny-bir-minut-azaly-nsizdigi-auyr-tidi/

pixel