Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүгіруге шыққан": Ақмола облысында 14 жастағы қыз іздестірілуде

Жарияланған күні:

Ақмола облысының Шортанды ауданында 2004 жылы туған қызды іздеуге екі жүзге жуық адам жұмылдырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/aqmola_tjd
Фото: instagram.com/aqmola_tjd: UGC

Ведомство мәліметінше, 14 жастағы қыздың жоғалып кеткенін құтқарушыларға тәртіп сақшылары хабарлаған.

"2004 жылы туған жасөспірім үйден 12 шілде күні таңғы алтыда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Әзірге оның қайда екендігі белгісіз",– делінген хабарламада.
Фото: instagram.com/aqmola_tjd
Фото: instagram.com/aqmola_tjd: UGC

Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне жүгінген.

"Жоғалған қыздың анасы оның Шортанды ауылындағы стадионға таңғы алтыда жүгіруге кеткенін айтты. Қырық минуттан кейін ұялы телефоны сөніп қалған",– дейді Шортанды ауданындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімше бастығының міндетін уақытша атқарушы Еламан Әзімбаев.
Фото: instagram.com/aqmola_tjd
Фото: instagram.com/aqmola_tjd: UGC

Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары, еріктілер мен аудан тұрғындарынан құралған екі жүзге тарта адам қызды іздестіріп жатқаны белгілі болды.

Одан бөлек, қосымша иісшіл иттер мен сүңгуірлер де жұмылдырылған. Олар облыс орталығы Көкшетау қаласынан шақырылған.

Фото: instagram.com/aqmola_tjd
Фото: instagram.com/aqmola_tjd: UGC

Еске сала кетсек, Алматыда он күн бойы жоғалып кеткен жасөспірімнің табылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864955-zgiruge-sykkan-akmola-oblysynda-14-zastagy-kyz-izdestirilude/