Қайрат Нұртас: Тойды көп көрдіңдер, енді соңы өліммен бітіп жатыр
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Қайрат Нұртас екі жылға дейін той-томалақтарға тыйым салуды ұсынған адамдарға жауап берді. Өнер иесі дүбірлі шараларды көп көргендерге шүйлігіп, олардың пікірімен мүлдем келіспейтінін айтты. Әнші күніге жаназаларда жолыққаннан гөрі, қуаныштарда бас қосқан артық екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.
Қайрат Нұртас той-томалақтарды болдырмас үшін жанын салып жүргендерге қатысты бар ойын айтты.
"Тойға қарап қалған түгіміз жоқпыз. Бізді көбісі "той әншілері" деп менсінбей жатады ғой. Біз тойға не үшін барамыз? Той - ол қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің, жақындарыңмен қауышасың.
Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын" , - деді Қайрат Нұртас.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Айқын Төлепберген той-томалақтарды екі жылға тыйым салуды ұсынған Аружан Саинға жауап беріп, өз наразылығын білдірген болатын. Ол белгілі қайраткердің той-бизнес саласына қатысты пікірінің қате екенін бетіне басып, өз жанайқайын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864976-kajrat-nrtas-tojdy-kp-krdider-endi-limmen-bitip-zatyr/