Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Құрбан айтта онлайн құрбан шалуға мүмкіндік пайда болды

Опубликовано:

Қазақстанда Құрбан айтта үйден шықпай, онлайн режимде құрбан шалға мүмкіндік пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда Құрбан айтқа онлайн құрбан шалуға мүмкіндік пайда болды
Көрнекі фото: Getty Images/NurPhoto / Contributor: Depositphotos

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай тәсіл пандемия жағдайында үйден шықпай-ақ құрбан шалуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Енді құрбан шалуға ниетті адам онлайн тапсырыс тастай алады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ведомство ақпарынша, тапсырыс берушіге жұмыс барысының барлық ақпараты ұсынылып отырады. Осылайша, карантин жағдайда мұсылмандардың үйден шықпай, өздері мен жақындарын КВИ инфекциясынан сақтауына мүмкіндік туып отыр..

Құрбан айтта құрбан шалуға арналған интернет - ресурстың басты артықшылығы - мал бағасының көрсетілуі. ҚМДБ мал етін мұқтаж жандарға таратуға уәде берді.

Өтініштерді Qurban2020.muftyat.kz сайтына тастау керек. Техникалық ақауларға байланысты қазір ресурс жұмыс істеп тұрған жоқ. Жақын арада барлығы іске қосылады. Елде Құрбан айт уақыты 30-31 шілдеге сәйкес келіп тұр.

Айта кетейік, бүгіннен бастап қазақстандықтар 42500 теңге әлеуметтік көмек алу үшін өтініш бере алады.

Өтініштер келесі ресурстар арқылы қабылданады:

"Электрондық үкімет" веб-порталы – egov.kz;

42500.enbek.kz порталы;

"Электрондық үкіметтің" Telegram-боты;

Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

мобильді қосымшалар мен екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865371-kazakstanda-krban-ajtta-onlajn-krban-saluga-mmkindik-pajda-boldy/

pixel