Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тақпаймын": Алматыда маскасыз жолаушы мен Onay қызметкері арасында жанжал болды (видео)

Жарияланған күні:

Оңтүстік астананың қоғамдық көліктерінің бірінде медициналық бетпердеге байланысты жолаушы мен Onay қызметінің жұмысшысы арасында жанжал орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Әлеуметтік желіде Onay қызметкері мен ер адам арасындағы дау суреттелетін видео пайда болды. Роликті Instagram-дағы Kris_p_Almaty тобы жария еткен.

Кадрдан бір жолаушының маскасыз отырғанын, ал қалған адамдардың медициналық бетперде таққанын байқау қиын емес.

Onay қызметкері ер адамнан карантин талаптарын сақтауын өтінген.

Оның маска тағу туралы "бұйрығына" жолаушы ашуға булығып жауап қатып, "Заңды көрсетуін талап еткен.

Ер адам қалтасында медициналық бетпердесі бар екенін, алайда оны "қырсыққанда тақпайтынын" жеткізді. Жанжал соңында Onay қызметкері автобусты тоқтатып, жолаушыны транспорттан шығаруды сұраған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин медициналық бетперде тақпаған азаматтарға қарастырылған айыппұлдар туралы айтқан болатын.

"Біз халыққа бетперде тағу, қол жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын әрі инфекция жұқтыру қаупі бар орындарға бармау туралы үнемі ескертеміз. Маска тағу туралы айтсақ, көбісі бетперде тағудан бас тартып жатады, біз оны көшеде де тағуды талап етеміз.

Егер сіз басқа адамдар тұрған жерлерге жақындасаңыз, онда бақылау тобы сізді жауапқа тартады. Айыппұл мөлшері 83 мың теңгені құрайды, бірақ бір апта ішінде төлесеңіз, 41 мың теңгеден сәл артық төлейсіз. Бұған дейін ТЖ теледидардан күніне бес рет маска тағу туралы ескертеді. Егер қызметкерлер ережені бұзса, онда мекеме басшылары жазаланады", – деді Бекшин.

Оның айтуынша, маска режимін жиі бұзатындар – жастар.

"Балалар бетперде киеді, аға буын өте тәртіпті. Көбіне бетпердені жастар таға қоймайды. Жаңа санитарлық ережелерде маска режимі туралы ереже жазылған. Біз заң бұзушылықтар үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігін қолданамыз. Кейбіреулер мұны шектен шығу десе, басқалары шара қолданнылмай жатқанын айтады", – деді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865490-takpajmyn-almatyda-maskasyz-zolausy-men-onay-kyzmetkeri-arasynda-zanzal-boldy-video/