"Жоя алмайды": Ернар Айдар ортаға іріткі салып, өзін жамандап жүргендерге шүйлікті
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Ернар Айдар өзінің халық алдындағы абыройын төгуді мақсат еткен адамдарды орнына қойды. Өнер иесі әлеуметтік желі арқылы оларға жауап беріп, келелі кеңесімен бөлісті. Ол басқаларды аңдып, ортаға іріткі салғанша аянбай еңбектенуге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ернар Айдар ақша ұтысына қатысты даулы оқиғадан кейін желідегі белсенділігін бәсеңдетті. Ол жаңа фотолармен бөліспей, парақшасын мүлдем жаңартпай кеткен.
Алайда, уақыт өте басы дауға қалған әнші Instagram желіcі арқылы халық пен өзінің арасына іріткі салуды көздегендерге жауап берді. Өнер иесі олардың өзіне тағып жатқан кінәсі мүлдем орынсыз екенін жеткізді.
Ернар Айдар халық махаббатын өзінен ешкім тартып ала алмайтынын кесіп айтты.
"Мен үшін. Мен сүйетін, мені сүйетін халқымның ықыласы мен, берген ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ. Ел мен Ернардың ортасына іріткі салып, жаман сөздер жазатын санаулы жандарға айтарым, мен сіздерді жек көрмеймін баршаңызға жақсылық тіледім. Біреудің астындағы тақ пен талассаң да, басындағы бақ пен таласа алмайсың, Алланың әр пендесіне бөліп берген несібесі бар, соған шүкір етіп, мақсатына жету үшін өзгені аңдымай, өз кемшілігің мен күресіп аянбай еңбектену керек деп ойлаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Алланың қалауынсыз ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды. Қандай жағдай болса да, мені түсініп, маған сеніп, қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріме, халқыма мың алғыс, мен сіздер мен Ернар Айдармын. Бақытты да, қызықты сәттер, парақтап көріңіздер" - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865895-zoa-almajdy-ernar-ajdar-ortaga-iritki-salyp-zin-zamandap-zrgenderge-sjlikti/