Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жерлеу қызметіне 1 миллион теңге алғандар қолға түсті

Опубликовано:

Алматыда ақымын қазып, ақтық сапарға шығару үшін әкесінің құнын сұрайтындар көбейген сыңайлы. Себебі, соңғы екі аптаның ішінде 8 адам полицияға алдандық деп шағымданыпты. Жақынының жаназасын шығарып, жер қойнына тапсыруды ойлаған тұрғындар қиын жағдайда сұрағанын берген. Кейіннен бұл қызмет үшін мұнша қаражат кетпейтінін аңғарыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жерлеу құны
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы: UGC

Жақынынан айырылып, жаназасын шығаруға жанталасып жүргендерге бәз біреулер зираттан жер сатып, қалтасын қағуда. Мәйітті жер қойнына тапсыру үшін 70 мыңнан бір миллион теңгеге дейін қаражат бергендері бар екен.

Негізінен мұндай қызметтің құны шамамен 100 мың теңгенің айналасында. 43 мың теңге мемлекеттік баж салығы төленсе, 53 мың теңге жер қазуға бекітілген. Алайда, салттық қызмет түрін тым қымбатқа ұсынып жүрген екі ер адамды полиция департаментіндегілер қолға түсірген.

Олар соңғы екі аптаның ішінде біраз қаражатқа кенелген сыңайлы. Қазір қомақты ақша беріп алдандық деп 8 адам құқық қорғау органдарына шағымданыпты. Ал ұсталғандар кешірім сұрап болған оқиғаға өкінетіндерін білдірді.

"Жерлеу рәсімі көп болған жағдайда - 80 мың теңге. Қателігімізді мойындаймын, кешірім сұраймын!",- деді олардың бірі.

Қос азаматқа қатысты Алматы Полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек пікір білдірді.

"65 және 68 жылы туған. Өздері кінәларын толығымен мойындайды. Қазіргі таңда кешірім сұрауда. Бірақ, қайткенде де қайтыс болған адамдардың туысқандарына тек материалдық шығын ғана емес, моральдық та нұқсан келтірді.

Қайғылы жағдайға душар болған азаматтар алды-артына қарамай сол талап еткен сомаларды берген. Содан соң уақыт өте келе қателік жасағандарын өздері сезіне полицияға жүгінді",- деді ол.

Қаладағы ең үлкен ашық зираттың әкімшілігі қазір мұндағы жағдайдың тым қиын екенін хабарлады. Күніне 70 адамға дейін жерлеген кездері болыпты. Белгіленген сомадан артық алмаймыз және қарамағымыз толығымен бақылауда дейді ол.

"Бұл жақты біз өзіміздің осы зират ішіндегі тәртіпті өзіміз қадағалаймыз. Ал, енді сырттан келген жеке дейді ғой, солар өздері алып келеді. Оған біздің қатысымыз жоқ. Ол кісілер алып келеді осы жерден біз ары қарай керекті жұмысымызды істейміз. Олардың қанша алып жатқанына біз араласпаймыз",- дейді Жарқын Исаев.

Қазіргі уақытта бір зиратқа шамамен күніне 20-30 адам жерленеді екен. Сондықтан мамандар мұндай жағдайда тек арнайы мекемелердің қызметтеріне жүгінген жөн екенін айтады.

Естеріңізге сала кетейік, елде COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 75153-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866139-almatyda-zerleu-kyzmetine1-million-tege-algandar-kolga-tsti/

pixel