RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Жағдайы нашарлап қалды": 42500 алғысы келген танымал жұлдыздар кімдер

Жарияланған күні:

Отандық телеарна 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш берген өнер иелерінің есімдерін атады. Олардың арасында есімі ел арасында кеңінен танылған эстрада жұлдыздары да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 42500 теңгеге өтінім берген әртістердің арасында танымал әншілер Қарақат Әбілдина, Бағлан Әбдірайымов, Серікбол Сайлаубек, Дидар Кәден, сазгер Сара Жүнісбек, актер Дәурен Айдарқұлов, "Алашұлы" тобының бұрынғы мүшесі Әзімбек Байлин мен өнердегі басқа да әріптестері бар.   

"Бәйтерек" тобының әншісі Ерлан Малаев өнер иелерінің бұндай қадамға баруының өзіндік себебі бар екенін айтты.

"Бір күнде қанша ақша кетеді, соны 3-4 айға бөліп тастасаң, біраз өнер адамдарының жағдайы нашарлап қалды. Сондықтан ешқандай ұялмай ақ, олар да үкіметтің берген көмегін көру керек деп ойлаймын. Оның ешқандай ыңғайсыздығы жоқ", - деп түсіндірді ол.

Осы орайда қоғам белсендісі Тұрар Саттарқызы әншілердің әлеуметтік төлемге өтінім беруін "шын мұқтаж адамның қазанына қол салу" деп түсінетінін жеткізді.

"Шын мұқтаж адам ала алмай қалған, шын мұқтаж адамның жағдайы жоқ бірақ әншілердің алуы мен үшін ұят сияқты. Олардың бәрінің бір-бір басына керемет үйлері бар, бір-бір басында қанша көліктері бар, мақтанып инстаграмда неше түрлі жазады, сөйтіп отырғанда халықтың асына қол сұғу ол мен дұрыс емес деп ойлаймын", - деді ол.

Тұрар Саттарқызы әншілердің карантинде  ақшасыз қалғандарына қанша айтса да сенбеймін деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1866378-zagdajy-nasarlap-kaldy-42500-algysy-kelgen-tanymal-zldyzdar-kimder/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 3

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Fortuna999

Тұрар Саттарқызы ханымның өзіндік пікірімен толық келісемін. Үйсіз-күйсіз, жалдамалы пәтерде күн көріп отырған, ертеңгі 80 теңге тұратын нанға, келесі айңа пәтерақыға ақшаны қалай, қайдан тауып төлеймін деп отырған мен сияқты бишараларға "сондай мұқтаж адамдардың" жанында не жорық деп ойлап қойдым осы мақаланы оқыған соң өз басым. 17 мамырдан бастап "Компанияда ақша жоқ, жұмыс көлемі аз " деген желеумен 31 шілдеге дейін ақысыз еңбек демалысына ... арыз жазуымызды талап еткен Нұр-Сұлтандық ЖШС-міз енді үкімет беріп жатқан 42500 тг өз атынан жұмыс беруші ретінде өтінім бермей: "Өздерің беріңдер, біз жұмыс істеп жатырмыз" деп сылтау айтты. Өз атымнан тапсырып едім: "Сізге ЕСП-ні жалдамалы жұмыскер ретінде жұмыс берушініңіз төлеу керек, 6 ай бойы төленбеген". Түсінбедім, не боп кетті өзі???

Comment reaction

Байкон

Әншілерге өте қиын болған екен. Мына пандемия бітпей той болмайды. Соңы қалай болар екен?

Comment reaction

Fortuna999

Шынымен, өте-өте-е-е-е қиын болыпты.....

jitsu gif