Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 10 жасар оқушыны сайда зорлап, қылқындырып, көл суымен жуындырған

Опубликовано:

Ақтөбеде жасөспірімді қорлаған жантүршігерлік оқиғаны тұрғындар айтып берді. Оқиға 22 шілде күні қала іргесіндегі Вохр бау-бақша аумағында тіркелді. Шамамен кешкі сағат алтыдан кейін дүкеннен роллтон алуға келген жасөспірімді қаскөй есіктің алдынан аңдыған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде 10 жасар оқушыны сайда зорлап, қылқындырып, көл суымен жуындырған
Фото: NUR.KZ: UGC

Бүгін БАҚ өкілдерінен көмек сұраған дүкен иесі педофилдерге қатысты заңды күшейтуді сұрайды.

"Оқиға болған күні мен дүкеннен кетіп қалған едім. Жаңағы кішкентай қыз бала дүкендегі менің қызымнан сауда жасап кеткен. Ол кезде уақыт шамамен 6:30 болатын. Педофилдің үйі менің дүкенімнің алдында. Ол адам оңбайды. Баланың артынан еріп барып, қасымыздағы сай ішінде білгенін жасаған.

Бірінші желкесінен ұрып құлатады. Одан кейін сайға сүйреп кіргізіп, қорлап, қинап, білгенін жасаған. Қазір қыз баланың жағдайы қиын. Оны зорлағанымен қоймай, қылқындырып, көлдің суымен жуындырған. Сол жуындырып жатқан кезінде бала сытылып қашып кеткен. Педофилдерге қатысты заңды күшейтіп, өмір бойына соттау керек. Тағы бір бүлдіршіннің тағдырына балта шабылды. Біз баламыздың болашағынан қорқамыз. Үкіметтен қатаң жаза шығаруды сұраймын",– дейді тұрғын Бибігүл Сәрсенова.
Ақтөбеде 10 жасар оқушыны сайда зорлап, қылқындырып, көл суымен жуындырған
Фото: NUR.KZ: UGC

Соңғы жағдайдан кейін вохрлықтар мүлде сыртқа шығудан қалды. Балалар түгілі үлкендер де дүкенге баруға қорқатынын айтады. Тұрғындардың айтуынша, қылмыс жасаған педофилдің түрмеден шыққанына бір ай да болмаған.

"Мына жағдайдан кейін жүрегіміз шайлығып қалды. Неге полиция түрмеден шыққан адамды бақылауға алмайды? Оның түрмеден шыққанына бір ай болған жоқ! Осы айдың 9-ы күні ғана Оралдағы түрмеден келді. 14 күні әйел адамды зорлаған. Осы маңдағы зауыттан шыққан әйел адамды желкесінен ұрып құлатып, сай ішінде білгенін жасап, әмиянын алып кеткен.
Ақтөбеде 10 жасар оқушыны сайда зорлап, қылқындырып, көл суымен жуындырған
Фото: NUR.KZ: UGC

Ол кезде оны полиция таба алған жоқ. Айдың күні аманында бұл не сұмдық? Бұл баланың осындай әдетін бар. Әйел адамдарды сабайды. Қолындағы ақшасын тартып алады. Сол үшін де 3-4 рет істі болды. Бірақ осыны тез бостандыққа шығарады", – дейді олар.

Көршілерінің айтуынша, күдіктінің анасы елдің бетіне қарай алмай, үйін сатуға қойған.

Қазіргі уақытта түрмеден шыға сала екі адамды зорлаған 33 жастағы ер адам қамауға алынған.

Полиция департаменті жеткіншекке зорлық көрсеткен күдіктіге қатысты 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1866636-aktbede-10-zasar-okusyny-sajda-zorlap-kylkyndyryp-kl-suymen-zuyndyrgan/

pixel