RU

Балқашта 14 жастағы қызды зорлады деп күдіктелген полицей ұсталды

Ішкі істер министрлігі Балқашта осыған дейін 14 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған полиция қызметкерінің ұсталғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми өкілі Айгерім Оразалиеваға сілтеме жасап.

Балқашта 14 жастағы қызды зорлады деп күдіктелген полицей ұсталды
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Ресми өкіл өз Facebook парақшасында Ерлан Тұрғымбаев оқиғаға тез арада назар аударғанын жеткізді. Министр қалаға бірден жедел топ жіберген.

Жасөспірімді зорлаған күдікті жақында қолға түсті. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында түсініктеме беріп жатыр.

Ішкі істер министрлігінде мәлімдегендей, тәртіп сақшысы бой тасалап, Қарағанды облысынан шығып кетпек болған.

Оразалиеваның айтуынша, ішкі істер министрінің тапсырмасымен кәмелет жасқа толмаған қыздың анасынан арыз қабылдамау фактісі бойынша балқаштық полицияның басқа қызметкерлеріне қатысты тексеру басталды. Іс қатаң бақылауға алынды.

Тергеу аясында полиция қызметкерінің басшылығына да тиісті баға беріледі.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Балқаш тұрғыны құқық қорғау органдарына полицейді жазалау туралы арыз жазған. Ол тәртіп сақшысын өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорлады деп айыптаған.

Келіншектің сендіруінше, құқық қорғау қызметкерлері оның арызына атүсті қараған. Олар Қылмыстық іс қозғамаған, бірақ полицейді жұмыстан шығарып жіберген.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбеде 10 жасар оқушыны сайда зорлап, қылқындырып, көл суымен жуындырған күдікті ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1866750-balkasta-14-zastagy-kyzdy-zorlady-dep-kdiktelgen-policej-staldy.html