Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та тағы бір жас жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздестіруде (фото)

Опубликовано:

Америка Құрама Штаттарының тұрғындары асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық ата-анасын іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Paul Sardar Babcock. Фото: facebook.com
Paul Sardar Babcock. Фото: facebook.com: UGC

Жас жігіттің асырап алғанға дейінгі есімі Сардар Бекнұрұлы Баймаханов. Ол Тараз қаласында 1999 жылы өмірге келген. Жігітті 2000 жылы Америка Құрама штаттарына алып кеткен.

Қазіргі кезде оның аты Пол Сардар Бабкок. Жақында ол өзінің биологиялық ата-анасын іздеу туралы шешімге келген. Осыдан кейін жас жігіт Facebook әлеуметтік желісіндегі Kazakh American Assosiation тобында жазба қалдырды.

"Егер маған кімде кім көмегін тигізсе, шексіз алғысымды білдіретін боламын. Менде бірқатар заттар мен жазбалар бар, алайда қайсысынан бастауды білмеймін", - деді Пол.

Жас жігіттің сөзінше, оның биологиялық анасының есімі Элмира Қалмаханбетқызы, әкесінің аты Бекнұр Баймаханов.

Пол барлық қайырымды жандардан ата-анасын іздеуге қол ұшын беруді сұраған.

Еске сала кетсек, жақында әлеуметтік желі арқылы Өскемен қаласындағы туған-туыстарына іздеу салған Теодор Уолтон есімді америкалық жас жігіттің Қазақстандағы туған ағасы табылды.

Теодорды 1 жасқа толғанда АҚШ азаматтары асырып алған. Дегенмен, өгей ата-анасы оның ұлты кім екенін, туған жері қайда екенін еш жасырмаған. Бүгінде оның жасы 20-ға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866802-aks-ta-tagy-bir-zas-zigit-kazakstandagy-ata-anasyn-izdestirude-foto/

pixel