Выйти
RU

"Ақша табуға рұқсат бермейді": Шымкентте қолға түскен жезөкше наразылық танытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үнемі рейдтер өтіп тұрады. Соның нәтижесінде полиция қызметкерлері заңбұзушылық жағдайларының үстінен түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: UGC

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мегополистің Республика даңғылында тексеру жұмыстарын жүргізген. Себебі, тәртіп сақшыларына тұрғындардан жеңіл жүрісті қыздардың "ежелгі кәсібін" жалғастырып жүргені туралы хабарламалар түсіпті.

Арызданушының бірі жезөкшелер тек қана карантин талаптарын ғана бұзып қоймайтынын, сонымен қатар клиент үшін жаға жыртысатынын жеткізген.

"Біз шаршадық, полиция келіп оларды таратады, сосын басқалары шығады. Біздің (ред. Қазақстан Республикасының) заңымыз өте жұмсақ. Олардың қандай аурумен ауыратынын кім біледі, сонысымен қоймай жезкөшелер өздеріне баға қойып алған. Олар сондай жағымсыз және өте дөрекі. Сіз оларға қараңызшы? Қалай ақша төлеуге болады? Айтуға сөзім жоқ", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Арман.

Тағы да оқыңыздар

Белгілі адвокат педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: UGC

Полиция қызметкерлерін аңғарған қыздар "келісіп тұрған клиенттерінін тастай салып", қаша жөнелген. Алайда тәртіп сақшылары олардың барлығын қолға түсірді.

NUR.KZ тілшісі ұсталғандардың бірін әңгімеге тартып үлгерді. Ол жезөкшелікке ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, ақталды.

"Мен құрбыммен бірге қыдырып жүрдім. Сұлу екеніме, маған барлығының тесіле қарайтыны үшін кінәм жоқ шығар. Полицияны көріп, қаша бастадым, басқа не істеуім керек еді", - деді ол.

Қолға түскен екінші ару жұмыс істеуге рұқсат бермегені үшін наразылығын білдірді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: UGC

Шымкентте рейдтер жалғасып жатыр. Әр кеш сайын тәртіп сақшылары ондаған заң бұзушылықты анықтайды, бірақ бұл көпшілікке сабақ болмауда.

Еске сала кетсек, осыған дейін танымал тележүргізуші Данияр Есен елордадағы жезөкшелердің бағасын анықтаған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Қасымбек: Бес жасар қызды ұрлау ісі Тоқаевтың жеке бақылауында

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ақша табуға рұқсат бермейді": Шымкентте қолға түскен жезөкше наразылық танытты