RU

Отандық танымал тележүргізуші астаналық жезөкшелердің бағасын анықтады

Белгілі тележүргізуші Данияр Есен Нұр-Сұлтан қаласында секс-индустрия күннен-күнге қарқынды дамып келе жатқанын мәлім етті. Ол өзінің Youtube желісіндегі Рейтинг.кz арнасында журналистік зерттеу жасап, елордадағы жезөкшелердің қанша ақша табатынын анықтап көрді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Данияр Есен, sensum-club.pro
Фото: Facebook/Данияр Есен, sensum-club.pro: Instagram
"Бұрындары астаналық жезөкшелер көшеде "Көктем", "Дәулет" дүкендерінің алдында, Темір жол вокзалының маңайында тұрса, қазіргі уақытта интернет дамыған заманда олардың қарасы көшеде азайған", - дейді төртінші билік өкілі.

Данияр Есен темір жол вокзалы жақын жерде пәтерді жалға беретін адамдарды көргенін айтып, "жеңгетайлықпен айналысатындарды" сөзге тартқан.

Журналистің айтуынша, олар "камераңыз болса, ұрып жібереміз" деп қорқытқан.

Тележүргізуші зерттеу жұмысы барысында қазір жезөкшелікпен айналысатындардың көшеде тұрмайтынын, жеңіл жүрісты қыздар арнайы сайтқа жарнамасын беріп, клиенттермен онлайн байланысқа шығатынын анықтаған.

Тележүргізуші олардың телефон нөміріне хабарласып, қызметі үшін қанша ақша алатынын сұрады.

Мысалы, өзін Әсем деп таныстырған қыз сағатына 13 мың теңге алатынын жеткізген. Ал Айым есімді қыз болса, қызметін 25 мың теңге деп бағаласа, саунаға келуге қарсылығын білдірмеген қыз бастапқыда ақысын 30-35 мың теңге деп айтып алып, кейіннен жеңілдікпен 25 мың теңгеге келісті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтауда карантинде жұмысын жалғастырған жезөкшелерден коронавирус анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857827-ryp-ziberemiz-tanymal-telezrgizusi-zezkselerdi-bagasyn-anyktady/