Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық келіншек өзін екі көршісі зорлағанын мәлімдеді (видео)

Опубликовано:

Алматы тұрғыны былтырғы тамыз айында көршілерінің тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәлім етті. Сол кезден бері келіншек олардың кінәсін дәлелдеуге тырысып келеді. Ол кінәлі азаматтардың жазадан құтылып кетуінен қорқады. Айтуынша, олар барынша "тергеуге қысым көрсетуге" тырысуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Светлана жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Айтуынша, сол күні ол көрші үйдегі қайтыс болған құрбысының баласына барып, оның жағайын біліп қайтпақ болған. Біршама уақыттан кейін үйіне жиналып, шыға берген кезде басынан соққы тиген. Келіншек "Еуразия" бірінші арнасының тілшісіне берген сұхбатында моншада бір-ақ есін жиғанын айтады.

Светлана екі ер адамның өзін қатігездікпен ұрып-соғып, зорлағанын жеткізді. Біреуі – қайтыс болған құрбысының ұлы, екіншісі – оның досы. Айтуынша, олар алкоголь мен есірткінің әсерінде болған.

Күдіктілер қамауға алынған. Енді бұл істі сот қарайды. Алайда, Светлана соттың әділ шешім шығаратынына күмәндануда. Өйткені айтуынша, ол аяушылық білдіріп, көрші баланың досына қатысты жалған мәлімет берген. Бұл туралы оның анасы жалынып сұрағанын жеткізді.

Енді келіншек күдіктілер жазадан құтылып кетеді деп қорқуда. Ол көмек сұрап, құқық қорғаушыларға жүгінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәтбаевта бес жасар қызды ұрлаған күдіктінің екі айға қамалғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1867000-almatylyk-kelinsek-zin-eki-krsisi-zorlaganyn-mlimdedi-video/

pixel