RU

Жерде жатқан өлі қарғалар Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарын шошытты (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстандықтар ғаламтор желісінде жерде жатқан өлі құстардың фотосы мен видеосын қызу талқылап жатыр. Қарғаларды бірден Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді екі ірі қалаларда ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Қос мегаполис тұрғындары олар улау салдарынан қырылып қалған болуы мүмкін деп болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.

Фото: видеодан кадр.: UGC

Елордада өлі қарғаларға қатысты видеожазба желіде екі күн бұрын пайда болды. Құстар Нұр-Сұлтандағы оң жақ жағалау ауданында "Оңтүстік-Шығыс" аялдамасынан табылған.

"Қараңыздаршы, қарғалар қырылып жатыр. Қандай қорқынышты, масқара. Олардың біреу өлтіріп жатыр емес пе" , - деді ролик авторы.

Қазнет қолданушылары видеоны тұсірген тұрғынның пікірімен толықтай келісті. Кейбірі қарғалар 5G толқыны әсері салдарынан өліп жатыр деп ойласа, тағы біреулер бұл жағдайды көшелерге жасалатын коронавирусқа қарсы дезинфекциямен байланыстырып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

"Ақша табуға рұқсат бермейді": Шымкентте қолға түскен жезөкше наразылық танытты

"Бізді улап жатыр, бірақ бірінші болып құстар өліп жатыр" , "Масқара, айтарға сөзім жоқ" , "Олар аштықтан өлді" , - деп жазуда пікір білдірушілер.

Алматы тұрғындары да осыған ұқсас фото жариялап, өзара қызу бөлісуде. Суреттен тас жолда жатқан өлі қарғаны көруге болады.

NUR.KZ редакциясы бұл оқиғаларға қатысты пікір алу үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне жүгінді. Орман мен жануарлар дүниесі шаруашылығы комитеті бұл құбылысты табиғи сұрыпталу деп айтып, құстар электр сымдардан тоқ ұрып өліп қалған болуы мүмкін екенін жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жерде жатқан өлі қарғалар Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарын шошытты (видео)