Выйти
RU

Қазақстан президенттігіне үміткер болған белгілі профессор өмірден өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуамбеков өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Мұсағали Дуамбеков

Фото: Facebook/Мұсағали Дуамбеков

Қаралы хабарды журналист Болатбек Төлепберген Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Қазақтың аяулы ұлы, қадірлі аға, "Азаматтық альянсының" вице-президенті, "Экология" қауымдастығының президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұсағали Дуамбековтен көз жазып қалдық. Мұсағали аға елдегі демократия мен азаматтық қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлтжанды, мемлекетшіл азаматтардың бірі еді. Еліміздің экологиялық ахуалына алаңдап, талай тың ғылыми жобаларға жетекшілік еткен бірегей ғалымдарымыздың қатарынан табылды.
Елге, ұлтқа деген махаббаты ерекше Мұсағали Дуамбеков ағамыздың әлі атқарар ісі орасан болатын.Артында жақсы істері мен жарқын ізі қалды. Ауруды жеңемін деген рухы күшті еді. Амал не, ағамыздың иманы саламат болсын! Рухы пейіште шалқығай", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

"Артында өшпес із қалдырды": Тоқаев Кенжеғали Сағадиевтің отбасына көңіл айтты

Ал Жанат Есентай есімді желі қолданушысы профессордың коронавирус індетінен көз жұмғанын айтты.

Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков 1961 жылы 5 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. 

Ол Қазақ политехника институтының Қаратау филиалын, қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасын бітірген. 100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы.

Марқұм 2011 жылы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға құжат тапсырған. Алғашқы лингивистикалық емтиханнан өткенімен, кейін кандидаттығын алып тастады.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Дуамбековтер жанұясына көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғылым саңлағы, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында өмірден озғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан президенттігіне үміткер болған белгілі профессор өмірден өтті