Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бостондағы жарылыс: Царнаевты өлім жазасына кесу туралы үкім жойылды

Опубликовано:

АҚШ федералды апеляциялық соты 2013 жылғы Бостон марафонындағы жарылыс үшін сотталған Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу туралы үкімді жойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттыққа сілтеме жасап.

Фото: rollingstone.com
Фото: rollingstone.com: Depositphotos

31 шілде күні АҚШ-тағы бірінші округтің апелляциялық соты Джохар Царнаевтың үкіміндегі барлық дерлік айыпты күшінде қалдырып, бірақ жазаның қандай болатынын қайта анықтау үшін істі округ судьясына жолдаған.

Царнаевқа қатысты апеляциялық шағымды қараған судьялардың үшеуі де өлім жазасына кесу туралы үкімнің жойылу керектігін айтқан. Бірақ судья Роджер Томпсон Царнаевтың "өмір бойы түрмеде отыратынын, мәселе оның өлім жазасына кесілу-кесілмеуінде" екенін атап өткен.

Еске сала кетсек, 2013 жылы 15 сәуірдегі Бостон марафоны кезінде жарылыс болып, салдарынан 3 адам көз жұмып, 260-тан астамы жараланған болатын.

Жарылысты Джохар Царнаев ағасы Тамерлан Царнаевпен бірігіп, "ұйымдастырды" деп айыпталды. Царнаевтың ағасы төрт күннен кейін полициямен атыста қаза тапса, Джохар Царнаевтың өзі екі жылдан кейін 2015 жылы өлім жазасына кесілді.

Ол қолдан жасалған екі жарылғыш затын орнатты, полиция қызметкерін өлтірді деген айыптар бойынша кінәлі деп табылған. Үкім шығарылар кезде Царнаев тағылған айыптарды мойындаған.

Бостандағы жарылыс үшін айыпталғандардың қатарында қазақстандық студенттер де болған еді. Царнаевпен Дартмут университетінде бірге оқыған Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов "Царнаевтың жарылысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақтарды жоюға тырысты" деп айыпталып, Қадырбаев алты жылға, Тәжаяқов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

2016 жылдың жазында Азамат Тәжаяқов жазасын өтеп Қазақстанға оралса, Диас Қадырбаев 2018 жылы мерзімінен бұрын босатылып, Қазақстанға депортацияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1867655-bostondagy-zarylys-apelacialyk-sot-carnaevty-lim-zazasyna-kesu-turaly-kimdi-zojdy/

pixel