Қазақстанда алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина адамға егілді
Жарияланған күні:
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакциналогия орталығы елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцинаны адамға салып көрді. Екпені алған алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қайсар Табыновқа COVAX-19 атты препарат егілген. Вакцина Австралияда жасалған. Қазіргі таңда клиникалық сынақтың алғашқы сатысынан өтуде.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ғылыми-зерттеу институтында дайындалып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұағн дейін Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинасының алғашқы сынағы сәтті аяқталғанын хабарлаған еді.
Зерттеушілердің сөзінше, сынаққа қатысқан жүздеген адамда коронавирусқа қарсы антидене мен Т-лимфоциттер пайда болған.
Зерттеу жайлы 20 шілдеде танымал Lаncet медициналық журналы жариялады.
Халықаралық басылымдар AZD1222 деп аталатын вакцина үлкен үміт сыйлайтынын жазған. Вакцинаның пайдасы толық дәлелдену үшін сынақ әлі жалғасады.
Ғалымдар вакцинаны ОАР, АҚШ, Бразилияда мыңдаған адамға екпек.
Сонымен қатар ресейлік ғалым COVID-19-ға қарсы вакцинаның сынақ мерзімін қалай қысқартуға болатынын айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867666-kazakstanda-algas-ret-koronaviruska-karsy-vakcinacialau-zrgizildi/