RU

Әпкелі-сіңлілер араға елу жыл салып коронавирустың арқасында табысты (фото)

АҚШ-тың Небраска штатында әпкелі-сіңлілер коронавирустың арқасында 50 жылдан кейін қайта табысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Methodist Health System/Daniel Johnson
Фото: Methodist Health System/Daniel Johnson: UGC

Басылымның хабарлауынша, 73 жастағы Дорис Криппен мамыр айында ауырып қалған. Ол бастапқыда тұмау жұқтырып алдым деп ойлаған, алайда уақыт өте келе әлсіздікті сезініп, тіпті әлсіздіктен құлап, қолын сындырып алған.

Нәтижесінде Дористың COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ол ауруханада 30 күндей жатуға мәжбүр болған.

Ал стационардан шығарылғаннан кейін Дорис Фремонт қаласындағы оңалту орталығына жүгінген.

Ол орталықта күтпеген жерден жарты ғасыр көрмеген сіңлісі, 53 жастағы Бев Бороны жолықтырады. Дористың сіңлісі аталмыш орталықта 20 жылдан бері қызмет етеді екен.

Бев науқастар тізімінде Дористың есімін көргенде, әпкесін кезіктіргенін түсінген.

"Мен бұған сене алмадым. "Құдайым-ау, бұл менің әпкем сияқты" деп ойладым", - дейді Бев.

Дористың есту қабілеті нашар болғандықтан, Боро тақтаға олардың әкесінің атын жазған. Дорис сол кезде ол да әкесінің қызы екенін растаған.

"Жаратқан мені осында (оңалту орталығына) жіберіп, бізге мейірімін төкті. Себебі мұнда келмесем, сіңілімді таппас едім", - дейді Дорис Криппен.

Айта кетейік, бір-бірін жарты ғасыр көрмеген апалы-сіңлілердің әкелері ортақ болғанымен, аналары бөлек.

Дористың анасы тәрбиелеп өсірген, ал Бевты алты айлық кезінде басқа біреулер асырап алған. Әйелдердің басқа бауырлары мен әпкелері бар және Бев олардың көпшілігін тапқан. Енді олардың бәрі қайта бас қоспақ.

Айта кетейік, бұған дейін ағайынды жігіттермен бас қосқан әпкелі-сіңлілі арулар жайлы жазған едік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1867784-apaly-sililer-araga-elu-zyl-salyp-koronavirusty-arkasynda-tabysty-foto.html